Парламент • 05 Қыркүйек, 2017

Белгіленген басымдықтар қаралды

315 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжі­ліс­тің бюро отырысының үшінші парламенттік сессиясының бірінші отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.


Белгіленген басымдықтар қаралды

Парламент сессиясының ашы­луында Елбасы белгілеген заңна­малық басымдықтарды басшы­лыққа алып, бірқатар мәселелер тал­қыланды. 

Палатаның алдағы уақытта өтетін отырысында Мәжіліске ке­ліп түскен жаңа заң жоба­лары­ның қоры­тын­дыларын дайындау мерзі­мін анықтау ұсынылды.

Бұлар «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепіл­дендірілген трансферт туралы» қаржылық заңдар жобасы. Осы қатарда «Қазақстан Респуб­ликасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің жобасы және ілеспе түзетулер бар.

Сондай-ақ, тұрғын үй қаты­нас­тары мәселелері бойынша жаңа заң жобасы, әкімшілік құ­қық­­бұзушылық, есірткі, психо­троптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау туралы түзетулер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне түзетулер, енгізу көзделіп отыр. 

Құжаттардың ішінде ратификацияланатын актілер де бар. Олар Еуразиялық экономикалық одақ­тың Кеден кодексі туралы Шарты мен 1996 жылғы 9 желтоқ­сандағы Нью-Делиде жасалған Қосар­ланған салық салуды болдыр­мау туралы Конвенция мен Хаттама.

Мәжіліске түскен ратифика­ция­ланатын пакеттер мен тү­зе­туге енгізілетін 2006 жылғы 20 нау­рыз­дағы Қазақстан мен Өз­бекстан арасындағы Халық­аралық автомобиль қатынасы туралы Келісім мен осы сынды Қазақстан мен Норвегия арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы Келісімді атап көрсетуге болады.

Кеше Бюро отырысында «Мем­­лекеттік тілдің латын гра­фи­ка­сындағы әліпбиінің бірың­ғай стандартын енгізу мәсе­ле­лері туралы» парламенттік тыңдау өткізу жөнінде шешім қабылданды.

Бұдан басқа, Палатаның пле­нарлық отырысындағы күн тәрті­біндегі жобасына Парламент Мә­жілісінің өкілеттіктерін іске асы­рудың үшінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар Жоспары туралы мәселелеріне қатысты ұсыныс берілді.