Парламент • 05 Қыркүйек, 2017

Мәжілісте латын әліпбиі талқыланады

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүйсенбі, 11-қыркүйекте, Мәжілісте «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау өтеді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. 

 

Мәжілісте латын әліпбиі талқыланады

Парламенттік тыңдауға Мәжі­ліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев, Сенат және Мә­жіліс депутаттары мен мем­лекеттік органдардың өкілдері қатысады деп жоспарланған.

«Рухани жаңғыру» бағдар­ла­масы аясында Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің жа­нын­­дағы Қоғамдық сананы жаң­ғырту бағдарламасын іске асыру жөнін­дегі ұлттық комиссияның жұмыс то­бының ұсыныстарын тал­қылау қарастырылады.

Талқылауға әліп­би жобасын әзірлеуші А.Бай­тұр­сынов атын­дағы тіл білімі инсти­тутының және Ш.Шаяхметов атындағы тіл­дерді дамытудың рес­публикалық үй­лестіру-әдістемелік орта­лығы­ның басшылары, жоға­ры оқу орындарының ректорлары, ғылым және мәдениет қайрат­кер­лері, ғалымдар мен сарапшылар, оның ішінде шетелдіктер, қоғам­дық ұйымдар мен бұқаралық ақ­па­рат құралдарының өкілдері шақы­рылды. 

Парламенттің тыңдау қоры­тын­дысы бойынша тиісті Ұсы­ным­дар қабылданады деп ұйға­рыл­ған.