Үкімет • 05 Қыркүйек, 2017

Әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Сербияның қорғаныс министрі Александр Вулинмен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

 

Әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық

Кездесу барысында Қазақстан мен Сер­бияның қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласын­дағы екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәсе­лелері талқыланды. Тараптар әскери-техни­калық ынтымақтастық саласындағы бірлес­кен жобаларды дамытуға әзір екенін растады.

Асқар Мамин «Сіздің ресми сапарыңыз Қазақстан-Сербия екіжақты қарым-қатына­сының дамуына қосымша серпін береді» деп мәлімдей отырып, серіктестікті тереңдете түсу үшін барлық мүмкіндіктердің барын айтты.

Өз кезегінде Сербияның қорғаныс министрі Қазақстанға келген сапарының нәтижелі екенін атап өтті. Сапар барысында әскери-техникалық салада өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың нақты келісімдеріне қол жеткізілді.

Александр Вулиннің басшы­лығымен Ас­та­наға келген Сер­бияның қорғаныс министрлігінің делегациясы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің нысандарын аралады.