Италия – Еуропадағы ең белсенді серіктес (ЭКСПО жаңалықтары)

Италия Республикасы ЭКСПО-2017 халық­ара­­­лық көрмесі қала­шы­­ғын­да ұлт­тық күнін той­лады. Көрмеге ке­лу­­шілер ел­дің бай мә­дениетімен та­нысып, әлем­­дегі ең бел­гілі сы­р­най­шылардың бірі Нел­ло Сальца ансам­б­лі­нің өнерін тамашалады. Сон­дай-ақ, Астана қа­ла­­­сы мемлекеттік фи­лар­­­­­мо­ниясының ка­ме­ра­­лық хо­ры концерт қой­ды. 

 
Егемен Қазақстан
05.09.2017 1867
2

Мерекенің ресми бөлімінде Ұлт­тық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов сөз сөйлеп, Қазақстанның Италиямен тауар айналымы би­ылғы жартыжылдықта 4 млрд 798 мың АҚШ долларын құрағанын жеткізді. Бұл көр­сеткіш өткен жылдың осы мер­зімімен салыстырғанда 39 пайызға артық. «Италия – Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орынға ие. Ол – Еуропа елдері ішіндегі белсенді экономикалық серіктес. Бұл сөзімді ірі ита­лия­лық компания­лармен сау­да-экономикалық ын­ты­мақтастығымыз растайды. Екі елдің үкіметаралық жұм­ыс тобының өнеркәсіптік, эко­номикалық әріптестікті, се­­рік­­тестік қарым-қатынасты да­мытудағы жобалары ерен», деді вице-министр.

Италияның экономикалық даму министрінің орынбасары Иван Скалфаротто өз кезегінде ЭКСПО көрмесі жаң­ғырмалы энергия көздерін дамытуға айрықша серпін беретінін айтты. «Милан-ЭКСПО-2015» және «Астана-ЭКСПО-2017» көрмелерінің та­қырыптары арасында ұқ­састық бар. Екі шара да жа­һан­дық проблеманың ше­шімін табуға итермелейді. Себебі энергия мен азық-түліктің жетіспеуі әркез өзекті мәселе болып қала бермек. Сон­дықтан да ұрпақтың өсіп-өркендеуі үшін біз жаңа жолдарды тауып, жүзеге асыруымыз керек», деді ол.

Қалашықтағы Италия павильоны төрт негізгі залдан тұрады. Ондағы жетістіктер бұрышы апта сайын жаңа­рып отырады. Мәселен, Бази­ли­ката өңірі Ұлттық музейге өздерінің нышаны болып есептелетін ескерткішті сыйға тартты. Сонымен қатар пави­льонда автоматты қол бар. Бұл құрылғы өндірісте қол­да­нылады.

Көрермен 3,5 миллионнан асты

28 тамыздан 3 қыркүйек­ке дейінгі ара­лықта ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көр­месіне 398 341 адам келді. «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ бас­пасөз қыз­метінің хабарлауынша, есепті мер­зімде шара табалдырығын күніне орт­аша есеппен 56 905 көрермен аттаған.

Келушілердің рекордтық са­ны 3 қыр­күй­ек күні тіркеліпті. Бұл күні көрмені 75 мыңнан астам адам тамашалады. Соңғы аптадағы келушілер саны алғаш­қ­ы аптамен салыстырғанда екі есеге артқан.

Халықаралық көрме жұмы­сы­ның алғаш­қы аптасында күніне 23 мың адам келген еді. 10 маусымнан 3 қыркүйекке дейінгі ара­лықта шараға келушілерінің саны 3 525 291 адамға жеткен. Ал көрменің барлық ны­сандарына кіріп-шығу көрсеткіші 29 144 833-ті құрады.

Бұған дейін халықаралық маман­дан­дырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне келу­ші­лер саны – 2 000 000, ал кіріп-шығу көр­сет­кіші ша­ма­мен 5 000 000 болады деп бол­жан­ған болатын.

Келушілер ең көп тамашалаған халық­ара­лық павильондардың қатарын Египет, Африка плазасы және Түркия бастап тұр. Таиланд, Әзербайжан, Өзбекстан, Үндістан, Ресей, Жапония және Сауд Арабиясы Корольдігі павильондары алғашқы он­дық­ты құрайды. Көрме кешенінің ең көп тамашаланған нысандары ретінде «Нұр Әлем» сферасы, коммерциялық па­виль­он­дар, «Шелл» балалар зертханасы, та­қы­рыптық С 3.5 павильоны, балалар паркі, амфи­театр, Дю Со­лей циркі, арт-орталық, та­қы­рып­тық С 2.4 павильоны, кор­поративтік павильон тір­ке­ліп­ті.

Көрме қонақтары не дейді?

Берри мен Моника КЭК, ерлі-зайыпты туристер (АҚШ):

– Астанаға осында тұрып, жұмыс істейтін балаларымыз үшін қыдырып келген едік. Бүгінге дейін қаланы аралаумен болдық. Зәулім ғимараттардың келбеті, әсемдігі шынымен ұнады. Қазақстан сәулет құрылысы жағынан едәуір ілгерілеген екен. Өзгеше стильдегі нысандар шаһарға қызықтырып қана қоймай, өзіне тарта түседі.

ЭКСПО көрмесі жайында айтсам, шараның тақырыбы қазіргі жаһандық жылыну орын алған заманда өте маңызды. Ал осындағы жобалар тіпті керемет! Біз Астанаға келіп, көрмені тамашалап, болашағымыздың тым жарқын екеніне көзімізді жеткізе түстік.

Өзіміз жайында сөз етсек, біріміз АҚШ-та дүниеге келсек, біріміз Германияның тумасымыз. Тағдыр жолымызды түйістірген соң, өміріміз Америкада жалғасуда. Біз шарлаған, саяхат жасаған елдердің ішінде Қазақстанның, оның астанасының ерекше орын алғанын айтқым келеді. Қазақ халқы біздің есімізде өте әдемі, сәнді киінетіндігімен, қонақжайлығымен, мейірбандығымен қалады.

ОПЕК ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

Былтыр ОПЕК ұйымға мүше емес 11 мемлекетпен қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастықтың жаңа дәуіріне қадам басты, ол елдердің қатарында Қазақстан да бар. Бұл тарихи Ынтымақтастық жөніндегі декларацияның қабылдануына негіз болды. Қатысушы мемлекеттер алғашқы 6 ай ішінде өндіріске ерікті түрде түзетулер енгізуге міндеттелді.  

Аталған шара биылғы 1 шілде­ден бастап 9 айға ұзар­тыл­ды. Түзету­лер­дің мақ­саты – әлемдік экономика, өнер­кә­сіп және өндірушілер мен тұ­тынушылар мүдделеріне мұ­най нарығының тұрақты даму­ын қамтамасыз ету. Бұл туралы ЭКСПО-2017 көрмесі ая­сын­дағы Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) арна­йы күні барысында ақпарат қыз­м­етінің басшысы Хамид Хасан мәлімдеді. Ол қазіргі кезде ОПЕК ұйымы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін де жеткізді.

«Көрменің «Болашақ энер­гия­сы» тақырыбы заман ағы­мындағы басты мәселенің тал­қы­лануына негіз болды. Дү­ние­жүзілік қауымдастықтар энер­гетика саласындағы жаһандық мәселелерді шешу жолында жұмылып жұмыс істеуі тиіс. ОПЕК өсім мен өр­кен­деудің не­гізіне айналған тұрақты да­му­ға үлкен мән береді. Ай­та­лық, экологиялық саясат тұр­ғысында ОПЕК өзара байланыс­ты екі мәселені – жөнелтілім қау­іпсіздігін және әділет қағи­да­л­арын жіті бақылауға алған. Қ­азіргі таңда Қазақстанмен та­рихи ынтымақтастықтың же­місін көрудеміз, себебі мұ­най нарығы тепе-теңдікті сақтауда. Қазақстан – ОПЕК-тің маңызды серіктесі. Болашақта ынтымақтастығымыздың ныға­ю­ын асыға күтеміз», деді Хамид Ха­сан.

Жиында Қазақстан тарапынан Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев сөз сөйлеп, ЭКСПО-2017 көрмесі энергия сақтау саласында озық әлемдік технологияны, жаң­ғыр­малы энергия көздерін пай­да­лануда соңғы әзірлемелер мен жобаларды тартуға мүм­кін­дік беретіндігін айтты. «Ағым­да­ғы жылдың қаңтарында Қазақстан ОПЕК алдында өз мін­деттемелерін орындады: тәу­лігіне 1,673 баррель мұнай өн­ді­р­ді және есепті кезеңде мұ­най өндіру тәулігіне 1,713 милли­он баррельді құрады. Биыл Абу-Дабиде Кувейт және Ресей Феде­ра­циясының төрағалығымен ОПЕК Мониторинг жөніндегі ко­митетінің техникалық конферен­ция­сы өткені мәлім. Шара барысында мұнай өндірісі көлемін қысқарту туралы елдермен бұ­рын қол қойылған келісімді жү­зеге асыру мәселесі қаралды. Қазақстан бұл келісім бойынша өз міндеттемелерін орындайтынын, бекітілген деңгейде мұнай өндіруді жалғастыратындығын хабарлады. Біз ОПЕК-пен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін сындарлы диалогқа әрдайым дайынбыз», деді вице-министр.

ОПЕК елдері жаңғырмалы энергетиканы дамыту үшін үлкен жұмыс атқаруда. Ұйымның ең ірі мүшелерінің бірі – Сауд Арабиясы әлем бойынша электр энергиясын алу үшін мұнай өндіруден бірінші орынды алады. Ол елдің күн электр стансалары жергілікті элемент базасын пайдалану арқылы құрылады. Сонымен қатар, БАӘ 2050 жыл­ға дейін баламалы энергияны да­мытуға 163 миллиард доллар қар­жы салуды жоспарлауда. Бұл мем­лекетке күн электр стансала­ры­нан жартылай тұтынатын энер­­гияны алуға мүмкіндік бе­ре­ді. Қазіргі уақытта БАӘ энер­гия­ның 90 пайыздан астам бө­лігін табиғи газ жағу арқылы алады.

Алжир жалпы қуаты 4 ГВт-дан асатын үлкен күн электр стансасын салуда. Онда да Сауд Арабиясындағыдай күн энергетикасын дамытудың өнеркәсіптік негізі құрылады.

Шағын мемлекеттің шамасы зор

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығында Тувалу Республикасының ұлттық күні мерекеленді. Шағын ғана мемлекеттің жаңғырмалы энергияға көшу туралы арнайы бағдарламасы да бар. Тынық мұхитының ортасындағы арал халқы судан, желден, күннен қуат алуды меңгеріп үлгерген. Жер көлемі небәрі 26 шаршы шақырым. Халқының саны – 11 мың шамасында. Аралдықтар 2020 жылға қарай энергияны 100 пайыз тек баламалы қуат көздерінен алуды мақсат етеді. Бүгінде бұл көрсеткіш 26 пайыздың төңірегінде. 

Мерекенің ресми бөлімінде мемлекеттің сыртқы істер, сауда, туризм, қоршаған орта және еңбек министрінің көмекшісі Атаби Евекия сөз сөйлеп, жоғарыдағы деректерді әңгімеледі. «Қазіргі таңда Тувалудың энергетика саласында қазба отынды пайдалануы 74 пайызға басым. Аралдардың бытыраңқы орналасуы мен импортталатын мұнай бағасының жоғары болуынан, әлемдік нарықтан оқшау орналасқан аралдық мемлекет үшін энергетикалық қауіпсіздік өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Елдегі осы проблеманы ескеріп энергия ресурстары қажеттіліктерін жаңғырмалы қуат көздері есебінен өтеу міндетін алға қойдық», деді мәртебелі мейман.

Жиында Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры Айдарбек Тұматов Тувалу мемлекетіне 2017-2018 жылдар мерзіміне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлауда біздің кандидатурамызға қолдау көрсеткендігі үшін алғыс біл­дір­ді. «Екі ел арасындағы дип­ло­матиялық қарым-қатынас жақында ғана орнатылғанына қарамастан, халықаралық құ­ры­лым және бастамалар ше­ң-
берінде өзара әрекеттесуі және әріптестігі қарқынды жү­зеге асуда. ЭКСПО-2017 көр­месі жаһандық таза энергети­каны дамыту идеяларының өркендеуіне, сондай-ақ, тиімді ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер бере­ті­ніне кәміл сенемін», деді А.Тұматов.

Тувалу мемлекеті Е8 ха­лық­аралық коммерциялық емес ұйымының қолдауымен жо­ба әзірлеуде. Оның аясында жаңғырмалы қуат көздері есебінен барлық энергетикалық қажеттіліктер өтеледі деп жоспарлануда.

Баламалы энергияға бай ел

ЭКСПО-2017 халық­ара­лық маман­дан­ды­рылған көрмесі аясында Гватемала Рес­пуб­ликасының ұлттық күні өтті. Латын Аме­рикасы аумағындағы мемлекеттер арасында электр қуатының өндіріс орталығы болып саналатын ел энергияның 61 пайызын жаңғырмалы қуат көздерінен алады. Оның 57 пайыз үлесі су электр станса­ларына тиесілі. Соны­­мен қатар, елде күн, жел энергиясы мен биомасса өндіріледі.

Шараның ресми бөлімінде Сыртқы істер министрлігі көп­жақты және экономикалық ха­лықаралық қатынас жөніндегі бас директорының орынбасары Карлос Казали сөз сөйледі. «ЭКСПО-2017 көрмесі халық­тар­­ға «Болашақ энергиясын» өн­ді­ру және дамыту үшін шы­ғар­машылық және инно­вациялық тұжырым­да­ма­ларын қолдануға тамаша мүмкіндік береді. Гватемала да жаңғырмалы энергия көздерін дамыту идеялары мен жобаларын көрсету арқылы Астанадағы көрменің тақырыбын дамытуға үлес қоспақ ниетте. Табиғи ресурстардың алуан түр­лі­лігінің арқасында еліміздің көр­меге қатысуы энергетикалық салаға тікелей шетелдік инвести­цияларды тартуға жол ашты. Көршілес елдерді, сон­дай-ақ, бүкіл су электр стансаларын сумен қамтамасыз ететін негізгі ресурс – мем­ле­кет­тегі өзен­дер. Тынық мұхиты жағалауын­да­ғы ай­ма­ғы­мызда қант құрағы плантациялары ор­на­ласқан, олардан биомасса энергиясын өнді­реміз», деді ол.

Қазақстан Республикасы Ден­саулық сақтау вице-мини­стрі Алексей Цой өз кезегінде көр­ме тақырыбы кез­дейсоқ таң­далмағандығын, «Болашақ энер­гиясы» еліміздің 2050 жыл­ға қарай жаңғырмалы энер­г­ия көздеріне көшу мақса­тын көр­се­тетінін жеткізді. «Қазақ­стан Гва­темаламен саяси, эко­но­ми­калық, ғылыми, тех­ноло­гия­лық және мәде­ни, сондай-ақ, бала­малы энергия көздері саласында ынтымақтастықты нығайтуға мүд­делі. Осы ұлттық күн екі мем­лекет арасында екіжақты ти­імді қатынасты нығайтуға жа­ңа мүмкіндіктер беретініне кәміл сенемін», деді вице-министр.

ЭКСПО-2017 көрмесінің Латын Америкасы плазасында орналасқан Гватемала павильоны экспозициялары келуші­лер­ге жаңа технологияларын, мәдениеті мен тарихын таныс­тырады.

Топтаманы әзірлеген Асхат РАЙҚҰЛ, суреттерді түсірген Орынбай Балмұрат, «Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу