ЭКСПО көрмесінің соңғы аптасындағы қызықтар

ЭКСПО алаңында Қазақстанның «Нұр Әлем» сферасынан басқа, еліміздің жетістіктерін көрсететін екі тақырыптық павильон бар. Мұнда да ешқандай мемлекеттен қалыспайтын небір қызықты жобалар қойылған.

Егемен Қазақстан
06.09.2017 2264
2

Алғашқы тақырыптық павильонда келуші қауым электромобиль көлігіне отырып, бола­шақ­ энергиясының пайдасын көзімен көріп, осы саладағы заманауи технологиямен таны­сады. Жұртшылық мінетін кө­ліктің өзі заманауи техникамен жаб­дықталған. Ол электр тогымен жүреді. Бүгінде мұндай көліктер ЭКСПО алаңында да адамдарды тасып жүр. Электр қуатымен жүретін көлік экологиялық таза әрі қауіпсіз. Бұл павильон қоршаған ортаның ахуалын жақсартуға тек белгілі бір саланың мамандары ғана емес, әрбір адам үлес қоса алатынын көрсетеді. 

Ал еліміздің екінші тақыры­п­­тық павильонында жер ғалам­ша­рының пайда болу тарихын тү­сіндіретін шарлар шоуымен танысуға мүмкіндік бар. Үлкен ғаламдық жарылыс теориясы тура­лы баяндайтын кинетикалық шоу барысында 365 жылтыр шар әртүрлі геометриялық бей­нелерді құрап айналады.

ұл бір жылдағы 365 күнді бей­нелейді. Оның ішіндегі 12 қы­зыл шар 12 айды білдіреді. Ал олардың ортасындағы 32 шар көк туымыздағы күн сәулесін көрсетеді. Әртүрлі шарлар айнала отырып, ғаламшардың бейнесін құрайды. Олардың жинақталған кө­рінісі жер әлемді, одан әрі адам мен табиғаттың, жан-жа­ну­арлардың пайда болу кө­рінісін су­реттейді. Бас-аяғы же­ті минутқа со­зылатын кине­ти­калық жарық шоу кім-кімді де еліктіріп әкетері анық.

Бұл павильонда энергияның қалай пайда болғанын көрсетсе, екінші бөлімінде оны қалай дұрыс пайдалануға, тасымалдауға болатыны айтылады. «Смарт грид» деп аталатын технология қалаға энергияны дұрыс таратуды көздейді екен. Айталық, түнде Есілдің сол жағалауында адамның көбі де­малып, оң жағалауында серуендеп жүргендер көп болса, онда мұн­дай ақылды технология сол жа­ғалаудағы жарықты үнемдейді де оң жағалауға жарықты көбірек таратуға ұмтылады. Қазір осы ақылды технологияны ЭКСПО алаңында «Сименс» компаниясы қолданып жатқан көрінеді. ЭКСПО біткеннен кейін Астанада қалады екен.

Тақырыптық павильонның келесі бөлігінде өңкей ақылды тех­н­ологиямен жұмыс істейтін зат­тар қойылыпты. Мысалы, су­текті автокөлік ешқандай жанар-жағармайды қолданбайды. Ол энергиямен қуатталған батареямен жүреді. Кәдімгі қолыңыздағы ұялы телефоныңыз секілді, қуат­тап аласыз да қаланы аралап жүре бересіз. Дәл сондай жүргізушісіз-ақ жүре алатын автокөлікті де осы тақырыптық павильоннан көрдік. Онда автоматты режім орналасқан. Қай жерге баратыныңызды көліктің мониторына жазсаңыз болды, көлік сізді діттеген жерге өзі алып барады. Оның алдында жүретін дрон құрылғысы қай жолда кептеліс аз, қандай көшемен кедергісіз әрі тез жетуге болатынын айтып отырады. Мұндай көлік әзірше шыға қойған жоқ. Бірақ болашақта пайда болуы әбден мүмкін. Қазірдің өзінде «Тойота» секілді ірі компаниялар сутекті көлікті шығарып та қойды. Демек, пилотсыз машинаны мінетін күн де алыс емес-ау.

Павильонның «Ақылды үй» бөлігінде тұрмысқа қажетті, адам қолын ұзартатын айна, теледидар, тоңазытқыш, кіржуғыш, электр плитасы қойылыпты. Мысалы, айна ауа райының қандай болып тұрғанын үй иесіне айтып қана қоймай, адамның денесін сканерден өткізіп, қан қысымы мен қызуын өлшеп береді. Тіпті қай жері ауырып тұрғанын да көрсетіп береді. Ал электр плитасының тамақ піскен кезде өзі өшетін «қасиеті» бар екен.

Бұл бөлімде ақылды жаяу жүргіншілер жолы да жұрт­шы­лыққа көрсетілген. Адам­дар осы жолмен жүрген сайын оның астына қойылған арнайы құрылғылар энер­гияны бойына жинақтап, бағ­даршамға бағыттайды екен. Демек, ақылды жаяу жүргіншілер жолы – жарықты үнемдейтін тап­тырмас тәсіл. Мұндай жолдар қазіргі таңда Германияда, Ис­панияда, тағы да басқа бірқатар елде бар. Болашақта Қазақстанда да пайда болуы ғажап емес.
Тақырыптық павильоннан еш­қандай топырақсыз жайқалып өсіп тұрған өсімдіктер мен гүл­дер­ді де көрдік. Бұл «гидро­по­ни­калық технология» деп атала­ды екен. Ол төрт жылдан бері Астана мен Алматының жы­лы­жай­л­арында қолданылып ке­леді. Ал шетелде бұл техно­ло­гияны жеміс-жидек және кө­кө­ніс­тер өсіруге де қолданады. Шең­бер жасай отырып өсірілетін өсім­дік­тер жер көлемін үнемдеуге де қо­лайлы. Оған күн сәулесі де қа­жет емес. Шеңбердің ішінде ор­на­ласқан насостардың ішінде күн көзін алмастыратын жарықтар орнатылған. Мұндай технологиямен өсірілген жеміс-жидектер экологиялық таза, балғын өнімдер саналады.

Міне, өзіміздің де павильондарымызда осындай өзгеше жобалар жетерлік. Қазірдің өзінде электрмен жүретін көліктер қалаға шыға бастапты. Келешекте мұндай машиналар жаппай қол­данылуы әбден мүмкін.

павильон Египета

Египеттің екпіні басым

Күні кеше ЭКСПО-2017 көрмесінің әкімшілігі ел ең көп тамашалаған халықаралық павильондардың тізімін жариялады. Тізімнің басында Мысыр тұр. Бұл павильон жұртшылықты несімен тартты, әңгімеміз осы жөнінде.

Жалпы, Мысыр – пирами­да­сымен-ақ әйгілі ел. Оны үлкен-кі­ші жақсы біледі. Астанадағы жа­һандық көрмеге мысырлықтар пи­рамида бейнесін де ала келіпті. Олардың ерекшелігі бұл ғана емес. Мысыр павильонында кезінде осы елдің билеушісі бол­ған Эхнатон перғауынның алып мүсіні тұр. Басқа басқа, дәл Эхнатон бейнесін осында көрмеге әке­луінде үлкен сыр жатыр. Пави­льонның гид-жүргізушісі Айсара Қасымханованың түсін­ді­руінше, Эхнатон – күнді құдай деп танып, оған Атон деп атау берген перғауын. «Ғаламшардың ты­ныс-тіршілігі күнмен ты­ғыз байла­нысты әрі күннен жаң­ғырмалы энергия өндіреді. Де­мек, бұл – ЭКСПО көрмесінің де басты тақы­ры­бы. Сондықтан, мысырлықтар Эхнатон мүсінін Астанаға арнайы алып келді», дейді Айдана. Бүгінде Египет павильонына келген кез келген адам Эхнатон перғауынмен суретке түспей кетпейді. Бұл – келу­ші­лер үшін естен кетпес естелік екені сөзсіз.

Павильондағы тағы бір ерек­ше­лік – алып пирамида мүсіні. Оның төрт қабырғасында қайта қал­пына ке­летін төрт түрлі энергияны кө­ру­ге болады. Оның біріншісі – су. Бұл қабырғада Ніл құдайы Хәби бей­неленген. Ал екіншісінде күн құдайы Атон және мұнда Эхнатон перғауынды от­басымен көруге болады. Үшін­ші, төртінші қабырғада жел құдайы Шу және жер құдайы Геб бейнеленген. Бір қызығы, мы­сыр­лықтар бесінші энергия көзі бар деп есептейді. Ол – адам. Сондықтан, пирамиданың ұшар басына адам бейнесін жарқыратып қойыпты.

Павильонның қабырға­ла­рын­да Египеттің бес даму кезеңін су­рет­тей­тін бейнелер салынған. Пер­ғауын дәуірінен бастап, копт, дін­и дәуірлер және қазіргі за­ман­ғы кезеңді бейнелеген түрлі су­реттерді тамашалауға болады. 

Мысыр өзінің папирус жəне сияс­ымен танымал. Басында оны жа­зуға, сурет салуға қолданса, қа­зір оларды тек кəдесый ретінде па­й­даланады. Папирус қағазын, сия сауытты, жазу құралдарын олар жәдігер ретінде көрмеге қой­ыпты.

Ең алғашқы күн панельдері осыдан 100 жылдай бұрын Мысырдың Маади қалашығында орнатылғанын біреу білсе, біреу білмес. Күн панелін тұңғыш ой­л­ап тапқан ғалым Франк Шу­мэн­нің суреті де осында ілініп тұр. 

Сондай-ақ, павильон ар­қы­лы Мы­сырдың өнеркәсібі қан­ша­лықты да­мы­ғанын көруге бо­лады. Бүгінде бұл елде жаң­ғыр­малы энергия көз­де­рін тұ­тыну 9 пайызға жеткен. 2020 жыл­ға қа­рай бұл көрсеткішті 20 пай­ызға жеткізу жоспарланып отыр. 

Мысыр – мақта шығаратын бір­ден-бір ел. Мақтадан тоқыма өнім­де­рі, қағаз, май өндірілетіні және бұл шикізат медицинада кеңінен қолданылатыны да павильонда жан-жақты көрсетіліпті.

Ежелгі Мысыр мен қазіргі Мысыр­дың өткені мен бүгінінен сыр шер­тетін павильон жұртшы­лық­­тың да көңілінен шығып, ха­лық ең көп ке­летін орынға айналып отыр.

павильон Тайланда

Таиланд тұмары – пха-ланг

Халық көп келетін павильондардың алғашқы бестігінде Таиланд та бар. Астанадағы халықаралық көрмеге үлкен дайындықпен келіп, болашақ энергиясы саласында көптеген жетіс­тік­терін ала келген елдердің бірі де осы Таиланд дер едік. 

Таиланд тұрғындарының көбі ауыл шаруашылығымен айналысады. Сондықтан, бұл елдің экономикасы биоэнергетика негізінде дамып келеді. Тай тұрғындары ЭКСПО көрмесіне әкелген жетістіктерін «Барлығына арналған биоэнергетика» деп атауы заңды да. 

Таиланд тұмары – Пха-Ланг деп аталады, яғни бұл «күш, қуат, энергия өндіру қабілеті» деген мағынаға саяды. Бізді ертіп жүрген павильонның пиар-менеджері Бағлан Тұрсынның айтуынша, Пха-Ланг – болашақтың энергетикасы идеяларының жиынтығы. Пха-Лангтің жүгері бейнесінде болуы да тегін емес. Тай елінде жүгері – энергия өндіретін дақыл. Ал қазақстандықтар үшін де бұл дәнді дақыл ретінде жақсы таныс. Демек, жүгері Пха-Ланг қос елді бір-біріне жақындастыра түсетін бейне іспетті. Таиланд тұмарының басында жаңа бүршік жарып келе жатқан жапырақтар бейнеленген. Бұл – өсімдіктерден өндірілетін энергияны білдіреді.

Жалпы, Таиланд павильоны болашақтың энергиясы не екенін балаға дейін ұғынықты етіп түсіндіріп береді. Мультфильм ретінде жасалған көріністен көрермен қауым баламалы энергия өндірудің жолдарымен танысып, оның адамзат үшін ұшан-теңіз пайдасын жан дүниесімен сезіне алады. Пха-Ланг тұмар-роботтар әңгімелейтін көрініс тілі әлі шығып үлгермеген балаға дейін қызықты. Әрі мульткөріністе 3D-өлшемінің пайдаланылуы да картинаны әспеттей түскен.

Таиланд павильонының үшінші залында қант құрағынан, эвкалиптен, каучуктен, шөптен, күріштен жүгеріден өндірілетін энергия көздері туралы баяндалады. Тай елі жануарлардан қалған биомассаларды да тиімді пайдаланады. Тіпті тезектен де энергия өндіреді. Қалдықтарды кәдеге асыру арқылы Таиланд экономикасын көтеруге мүмкіндік алып отыр. Павильонның үшінші бөлімінде осындай жетістіктің бәрі көрерменге ұсынылған. Тіпті келушілер жүгері мен күріштен, пальма майынан өнім алу үрдісіне де қатысып, тәжірибелерді қызықтай алады.

Таиланд павильоны елдің дәстүрі мен әдет-ғұрпын айшықтайтын тақырыптық қойылымдарды жиі көрсетуімен де әйгілі болып тұр. Мұнда Таиландта өмір сүру қуанышын бейнелейтін ойын-сауық қойылымдары мен тайлық муай-тай жекпе-жегінің сиқырын көрсететін жауынгерлік өнер көріністері, түрлі театрландырылған қойылымдар да өтіп тұрады. Оның үстіне викторина түріндегі сұрақ-жауаптар мен же­ңім­паздарға берілетін әртүрлі кәдесыйлар­дың көптігі де жұртшылықты осы павильонға кө­бірек тартса керек. 

ЭКСПО Өзбекстан

Өзбектердің өзіндік өрнегі

ЭКСПО қалашығында кеше Өзбекстан Республикасы да ұлттық күнін атап өтті. Көрмеге келушілер көршілес елдің бай мәдениетімен танысып, баламалы энергияны игеруге қатысты жетістіктерін тамашалады. 

Оған Қазақстанның Ұлттық эко­номика бірінші вице-мини­стрі Руслан Дәленов қаты­сып, ізгі лебізін білдірді.

– Өзбекстан Республикасы – Қазақстанның стратегиялық маңызды сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Бүгінде елімізде өзбек компаниялары жемісті еңбек етіп келеді. Қазіргі күні Өзбекстан капиталының қатысуымен осында 1 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді және алдағы уақытта олардың санын көбейтуге қызығушылық та бар. Ал қазақстандық статистика деректері бойынша, тауар айналымы 35 пайызға артып, 921,0 млн АҚШ долларын құрап отыр, – деді вице-министр.

Ал Өзбекстан Республикасы пре­зидентінің мемлекеттік ке­ңесшісі Кахрамон Куранбаев ЭКСПО көрмесі жоғары дең­гей­де ұйымдастырылғанын атап өтті. Оның айтуынша, Астана қаласында өтіп жат­қан көрме әлемнің бар­лық елі мен аймақтары үшін зор экономикалық әлеует бо­лып табылады және ын­ты­мақ­­тастықты кеңей­ту­ге үлкен мүм­­кіндік болып тұр. «Мұн­дай жаһандық шара­ға қат­ысу – Шығыс пен Ба­тыс­тың, Еу­ро­па мен Азия­ның ара­сы­н­да­ғы диалогтық әріп­­тестікті ны­ғай­тудың кезекті қадамы», деді ол. 

 Ресми бөлімнен кейін өзбек халқының ұлттық биі биленіп, ән­дері шырқалды. Салтанатты шара­дан кейін барлық қонақтар ЭКСПО қалашығындағы Өзбек­стан павильонына келді.

Жалпы, Өзбекстан баламалы қуат көзін игеруде үлкен қадамдар жасаған. Соның бірі – автокөлік өндірісі. Мәселен, па­вильонға заманауи көліктің үлгісі қойылған. Оның ерек­ше­­лігі күннің қуатымен жү­реді. Әзірше бұл көліктер құ­­растырылып жатыр және бо­ла­шақта кең көлемде экспортта­луы мүмкін. Өзбек көліктері тек күннен қуат алатын көліктер ғана емес, сутегімен де жүре бас­таған. Оған дәлел шағын кө­лікті айтуға болады. Бұл жер­­де қозғалтқыш, генератор жә­не басқа да негізгі бөлшектер су­те­гімен жұмыс істейді. Сәй­ке­сінше, дәл осы көліктер қор­ша­­ған ортаға бөлетін зиянды қалд­ығы 80 пайызға аз екен. Жал­пы, Өзбекстанда тек кө­лік са­ласы ғана емес, ауыл ша­руа­шы­лығында да, өңдеу өнер­кә­сі­бінде де баламалы қуат көз­де­рін пайдалану кеңінен дами бастаған.

Топтаманы әзірлеген Қымбат ТОҚТАМҰРАТ, суреттерді түсірген Орынбай Балмұрат, «Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу