Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017

Ел экономикасына елеулі үлес

516 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта заман талабына сай инно­ва­цияларды қолдап, өндіріске енгізу аса ма­ңыз­ды. Отандық ғылымды дамытпайынша, жа­ңа инновациялық секторларды дамыту мен ғы­лыммен байланысты салалар құру да мүм­кін емес. Инновациялық сектор жаңа эко­но­ми­ка­ның барлық бағыттарын қамтиды. Ал олар­­ды дамыту көбінесе ғылыми зерттеулер мен жа­ңалықтарға, мобильдік және мультимедиалық технологиялар, нано­тех­­но­логиялар, роботтехникалар салаларының ілгерілеуімен байланысты екені белгілі. 

Ел экономикасына елеулі үлес

Бұл бағыттарды тиімді дамыту үшін жаңа жобалармен жұмыс істей­тін инно­вациялық кадрлар қажет. Ел­ба­сы­ның «Қазақстанның үшінші жаң­ғы­руы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жол­дауы аясында іске асырылып жат­қан Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіп­орын­дарын технологиялық жаңғырту мә­селелері Қарағанды облысында дер ке­зінде қолға алынып, оң шешімін тауып отырған жайы бар.

Заман талабына сай мамандар даяр­лау мәселесін шешу үшін елімізде ба­­за­лық жоғары оқу орындары бел­гі­лен­ген. Қарағанды мемлекеттік тех­­никалық университеті осы санат­та­ғы оқу орны. Индустриялық-инно­ва­ция­лық дамудың мемлекеттік бағ­дар­ла­ма­сы шеңберіндегі ауқымды жобаларды жүзеге асыруға қабілетті, білім-біл­ігі аса жоғары мамандарға деген сұ­раныс артып келеді. Статистикалық мә­­ліметтерге сүйенсек, 2016 жылы об­­­лыстағы ғылыми-зерттеу және тә­жі­­рибелік-құрастырушылық жұ­мыст­ар­­мен айналысушы ұйымдардың са­ны 33-ке жетсе, оларға жұмсалған қа­ражат 4,3 млрд теңгені құраған. Ай­талық, ҚарМТУ облыстағы кен-ме­тал­лургия саласын дамыту бағытына сәй­кес, «Жәйрем КБК» АҚ, «Industrial Energy Alliance» ЖШС, «KazGeoScan» ғы­лыми-техникалық орталығы» ЖШС, «Ев­разия энергетика корпорациясы» АҚ сияқты кәсіпорындармен ғы­лыми-зерт­теу жұмыстарын жүргізуге ке­лі­сім­шарттар жасасты. ҚарМТУ-да, сонымен қатар, кен-металлургия саласын д­амытудың басымдықты бағыттарына сәй­кес, ИИДМБ шеңберінде бейіндік ма­гистратураның «Металлургиядағы на­нотехнологиялар», «Робот техни­ка. Басқару жүйелері» білім бағдарл­а­ма­ларын жасады. 

Облыс кәсіпорындарында өз технологияларын жасауды ынталандыру бой­ынша жол картасының аясында инно­вациялардың өңірлік кеңсесін (ИӨК) құрып, дамыту қарастырылған. Кең­се өңірдегі ғылыми ұйымдар мен өн­дірістік кәсіпорындардың тех­но­ло­гиялық міндеттерін шешуге сеп­те­седі. 
Қосымша экономика саласындағы жаңа технологияларды дамыту Кәсіп­кер­лікті қолдау картасының жобаларын ірік­теу кезінде де қарастырылады. 
Сонымен қатар бүгінде облыста ма­шина жасау, фармацевтика, құрылыс индус­­триясы, агроөнеркәсіп кешені салалары бойынша да жаңа өнім түрлерін шы­ғаратын кәсіпорындар құрылған. «NORD пром НС» ЖШС темір жолдың бе­тон шпалдарын, «Kaz-metiz» ЖШС бо­лат арқандар мен сымдар, «ККК Бе­тон» ЖШС темір-бетон бұйымдарын, «Изоплюс Центральная Азия» ЖШС болат құбырлар, «Бёмер Арматура» ЖШС шарлы шүмектер, «Эпостим» ҚФК алдын ала толтырылған шприцтегі дәрілер, «Евразия Инвест Ltd» ЖШС құрғақ қымыз шығарады. Жалпы, бүгінгі таңда Қарағанды облысында инновациялық белсенділік 10,6%-ды құрап отыр. 

Азық-түлік өнеркәсібін дамыту мақсатында карта шеңберінде «Қара­ғанды кәмпиттері групп» АҚ кон­дитерлік өнімдер фабрикасын жет­іл­дірудің ірі жобасы жүзеге асырылу­да. Он­дағы мақсат – неғұрлым жоғары са­палы өнім шығару үшін жаңа өнді­ріс­тік кешен орнату. Келешекте мұнда кон­дитерлік өнімдердің 150 түрі шы­ғарылмақ. Жоба құны – 82 млн АҚШ доллары. 

Қазіргі уақытта «Байтерек» БҰХ» АҚ «БРК-Лизинг» АҚ пен «БРК» АҚ-тың қатысуымен жүзеге асырылатын жо­баны қаржыландыру туралы алдын ала шешімге қол қойды.

Кәсіпорынды дамыту жоспарлары Пре­зидент Н.Назарбаевтың «Қазақ­стан­ның үшінші жаңғыруы: жаһандық бә­се­кеге қабілеттілік» Жолдауын орындау ая­­сында өнеркәсіптік кәсіпорындарды тех­­нологиялық жаңғырту бойынша Қа­зақстанда жүргізіліп жатқан жұ­мыс­қа сәйкес келеді.
Айталық, 2018-2019 жылдары 1,5 млрд теңге сомаға инвестициялық бағ­дар­ламаны іске асыру жоспарланған, ол шикі құрамалы материалдар қой­масын салуды, паркті жаңартуды жә­не технологиялық жабдықтарды жаң­ғыртуды көздейді.

Жақында ғана Қарағанды қаласында жұ­мыс сапарымен болған Үкімет бас­шысы Бақытжан Сағынтаев осы мә­сел­е­лер бойынша жұмыс кеңесін өткі­зген бо­латын. Кеңесте Бақытжан Сағынтаев Үкі­меттің Қазақстанның өнеркәсіптік кә­сіпорындарының өкілдерімен жүйелі түрде кездесулер мен кеңестер өткізіп тұратынын және компаниялардың өз зауыттарында жаңғырту жұмыстарын қал­ай жүргізуге болатыны туралы нақ­ты жоспарлары бар екенін айтты.

Сондай-ақ Премьер-Министр өз сөзінде өнімділікті ұлғайту мен тауар сапасын жақсарту қажеттігін еске сал­ды. Адамдар жаңа технология­лар қол­­данылатын салаларға жұ­мыс­­қа ор­наласқан кезде жаңа дағ­ды­ларды мең­геруі үшін қайта оқыту жұ­­мыстарын жүр­гізу керектігі де та­­қырып өзегіне ай­на­лған бола­тын. Аталған мәселелер бой­ынша, «Цифрлы Қазақстан-2020» бағдар­­ла­масын жүзеге асыру шеңберінде Қа­рағанды қаласында халықтың өмір сапасын жақсарту мақсатында «Smart City» жобалық моделі іске қо­сыл­мақ. Жобаны жүзеге асыруға «Қа­зақ­те­леком» АҚ, «Перспектива» ҒӨБ» ЖШС және «Сарыарқа» ӘКК ҰК» АҚ қатысады.

Инновациялық дамумен қатар, өнер­кәсіптің дәстүрлі базалық салаларын да, соның ішінде кен-металлургия са­ла­сының стратегиялық мәніне сәй­кес жетілдіру қажет. Бұл саладағы ірі кә­сіпорындар «АрселорМиттал Темір­тау» мен «Қазақмыс» корпорациясы. «АрселорМиттал Теміртау» ком­па­ния­­сы болат өндірісін 2019 жыл­ға дей­ін жы­лына 6,0 млн тоннаға жеткізу бой­ын­ша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Осы жобаның аясында №№ 2, 3, және 4 домна пештері, конвертер цехының газ тазалау жүйесі және тағы басқалар қалпына келтірілді. Осын­дай жұмыстардың арқасында ком­бинат жылына 4,2 млн тонна болат өндіру мүмкіндігіне ие болды. Өн­дірісті жетілдіруге биылғы жылға 80 млрд теңге көлемінде инвестиция қа­рас­­тырылған. №6 және №7 агломашина­ларды қалпына келтіру, шойынды кү­кір­тсіздендіру учаскесін іске қосу, конвертер цехына «пеш-шөміш» (УПК) орнату, ыстық илеу қондырғысын жетілдіру жоспарланып отыр. 
Өз кезегінде «Қазақмыс» корпора­ция­сы да бірқатар жобаларды жүзе­ге асыруда. Нұрқазған байыту фаб­ри­ка­сының кен өндірісі көлемі жылына 3,5 млн тоннадан 4 млн тоннаға дей­ін артты. Байыту фабрикасында мыс-сульфид кенін өңдеу қалқыту әді­сімен жүзеге асырылады. Өндірісті бас­қа­руға, техникалық қызмет пен жөндеу са­ласына ақпараттық жүйе енгізілуде. Жоба алғаш «Жомарт» ке­ні­шінде қолға алынған болатын. «Индустрия 4.0» тұжырымдамасы корпорацияда корпоративтік ақпараттық басқару жүйесін енгізу арқылы жүзеге асырылуда. 

2016 жылы мыс концентраттарын гид­рометаллургиялық өңдеу зауы­ты­ның құрылысы басталды ол 2018 жы­лы аяқталып, іске қосылуы тиіс. Кен өн­д­іру өнеркәсібі айтарлықтай дамып ке­леді. 

2016 жылы облыс бойынша 30 млн тонна көмір өндірілсе, биыл ол көлемді 36 млн тоннаға жеткізу жоспарланған. 
Биыл «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-тың көмір департаменті өндірісті же­тіл­діруге инвестицияны 32 млрд тең­геге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Шұбаркөл кен орнында өндірісті әр­та­рап­тандыру және жылына 210 мың тон­наға дейін арнайы кокс шығаратын зау­ыт сияқты жаңа нысандар ашу бойын­ша жобалар жүзеге асырылуда. 

Жоғарыда айтылғандай, барлық ке­шеннің жұмысын компьютерлік жүйе қадағалап, интернеттің кө­мегімен Ing.BONFIGLIOLI (Италия) ком­па­ния­сының диспетчерлік қызметімен ха­бар­ласып, қандай да бір ақау орын ал­ған жағдайда оны жөндеу бойынша ке­ңестер бере алады. Жүйе, сонымен қатар, кәсіпорын басшысының желідегі жұмыстарды планшет немесе смартфон арқылы қашықтан қадағалауына мүмкіндік береді. 

Облыста дамудың кластерлік тәсіл­де­ріне, кәсіпорындарды қолдауға, Ин­дус­­­трияландыру картасының жобаларын жүзеге асыруға ден қойылған. 
«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі мен Қарағанды фармацевтикалық зауытының базасында да өңірлік фармацевтикалық кластер құру мен дамыту бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Қарағандыда фармацевтикалық өнім өндірушілерден, ғылыми ұйымдардан, оқу орындарынан және дәрілік препа­ра­т­тардың дистрибьюторларынан құ­ра­лған 17 кәсіпорыннан тұратын өңірлік клас­тер қалыптасқан. 

Осы кластерді дамыту, жетілдіру жә­не фармацевтикалық өндіріске ин­но­вациялық IT-технологияларды ен­гізу үшін, технологиялық үдерістерді оңтайландырып, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында «2018-2020 жылдарға арналған түпнұсқалық дәрілік препа­рат­тар жасау және оларды зерттеу нә­­тижелерін коммерцияландыру» ғы­­лыми-техникалық бағдарламасы әзір­­леніп, ол мемлекеттік ғылыми-тех­ни­калық сараптамадан өтіп, Ұлттық ғы­лыми кеңес қолдағаннан кейін Үкімет қарауына ұсынылды. 

Құрылыс кластерін құру шеңберінде тұжырымдама жасалып, ҚарМТУ базасында осы кластерді дамыту бойынша тұ­рақты жұмыс істейтін алаң ұйым­дас­тырылуда. Кластер қазір бар және жаңа өнім түрлерін өндіріп, өткізумен шұғылданады. 
Жалпы айтқанда, Қарағанды облы­сында алты айда 1,05 трлн теңгеге өнер­кә­сіп өнімдері өндірілген. Өнеркәсіп кө­­лемі бойынша Қарағанды облы­сы елі­мізде екінші орында тұр. Рес­пуб­ли­калық өндірістегі облыстың үлесі – 10 пайыз.

Алғы шепте өңдеу өнеркәсібі тұр. Бұл секторда жарты жылда 811,6 млрд тең­геге өнім өндірілген екен. Өткен жыл­мен салыстырғанда ол көрсеткіш 3,4%-ға артқан. 

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнім­ді­лігі 5,1%-ға, жан басына шаққанда 20,4 АҚШ долларына дейін өскен. Бұл елі­міз бойынша ең үздік көрсеткіш. 
Өнеркәсіптің негізгі салаларында да өсім байқалады. Есепті кезеңде өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі ка­пи­талына 73,7 млрд теңге құйылған. Бұл соманың жартысына жуығы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

Демек, Жолдау аясында іске асырылып жатқан Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарын технологиялық жаң­ғырту мәселелері облыста жүйелі жолға қойылып келе жатыр деуге толық негіз бар. 

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы