«Артық ғылым кітапта»

Академик-жазушы Сәбит Мұқанов бір әңгімесінде Ақтөбе облысынан бір қария әрі жалынды, әрі жалынышты мазмұнды хат жазғанын, онда ер­ке, тентек, кенже ұлы­ның Ақтөбе қа­ла­сында тракторшылар курсында оқып жүргенде бір инабатты, әдепті қыз­бен уағдаласып, сонан соң, ол бойжет­кен үйінің ұлы да, қызы да өзі еке­нін түсіндіріп, әкесінің рұқсатын алу керек­тігін айтып, шарт қойғанын, сөйтіп, баласына қыз айттыру үшін 5-6 машинамен үйіліп-төгіліп барғанын, 3-4 күн салтанатты той болғанын, соңында қыз әке­сі: «Ежелден киітті күйеу баланың әкесі кигізуші еді.

Егемен Қазақстан
07.09.2017 505
2

Енді менен алыңдар: әне аруана, анау су төгілмес жорға, мы­нау түрікпен кілем, мінеки темір тұл­пар» дейді. Бірақ құда: «Көңіліңе разымын, алмаймын, рахмет. Енді өз­де­рің келіп, жол-жоралғы, тарту-таралғыларыңды алып кетіңдер» дейді. Сонан қыз жағынан құндыздай шұбап, құдалар келіп, керемет ұлан-асыр 4-5 күн той жасап, мәре-сәре болып, ақырында белгі болсын деп оларға ат, түйе, кілем сыйлайды. Қыз әкесі азар да безер болып: «Керек емес, керегеде кітап ілулі тұр екен. Сол менің таба алмай жүрген кітабым, соны бер» дейді. 

Ұлдың әкесі: «Жоқ, бере алмаймын. Бұл менің тірлігімдегі қызығым, ермегім», – дейді. Қыздың әкесі «Кітапқа татымайды екенмін, мен қызыма бата бермеймін, өз еріктері білсін» – деп, ол қасарысып көнбейді. Сөйтіп дағдарған, тұйыққа тірелген қарттың Сәбит Мұқановқа «Бо­та­гөзіңді» тауып бер деп жазған хаты екен. Қайран Сәбең айтады: «Алматының магазиндеріне шапқылап, болмаған соң өзіме таныс, Сарқанд ауданының бір совхозының директорына бұйымтайымды айтып, хат жазып, әйтеуір, 20 данасын алдырдым», «заказной бандерольмен» екі ақсақалға он-оннан тең бөліп: «Ал­жымаңдар, шатақ шығармаңдар» деп ақыл айтып, хат жаздым. Жарты айдан соң «Тойға келіңіз деген телеграмма алдым» дейді Сәбең. Осылайша «Ботагөз» рома­нына қызығушылық тудырған ұлт қайраткері, даңқты Сәбит Мұқанов ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында қалың мал орнына көркем әдебиет жүргеніне, әсіресе, бұл ғажап оқиға халқымыздың мәдени тілегі мен дәрежесінің биіктеп өскендігінің кепілі екендігіне шаттанады. 

Кітаптың қасиеті, құдіреті деген осы. «Ұзын, ұзын, ұзын жол, Ұшына жет­­кен бар ма екен? Түбі терең қара су, Тү­біне жетіп сол судың, Қанып ішкен бар ма екен?!» – деп, қазақ оқу-білімнің түпсіз тұңғиығын осылай жұмбақтапты. Өркениет биігіне жеткізетін құдіретті қару кітап – тұнып тұрған даналық, білім, ақыл, тіл, мәдениет, тарих, сана, рух, ғылым, тәжірибе әлемі. В.Шекспир айтқандай, патшаның тағынан да қымбат, ой кемесі (Ф.Бэкон), ақыл ескерткіші (Дэвенант), замана тудырған тұлғалармен әңгімелесу, Гомер мен Цицерон ойларымен ортақтасу (Л.Толстой, Р.Декарт, А.Ламартин). Бір сөзбен айтқанда, кітап – заманалар шежіресі, мемлекет, ел, халық тағдыры.

Академик Ә.Марғұлан: «Кітапхананы сүйіңдер. Кітапханашылармен дос бол!» деп отыратын. Және де аспирант уағын­дағы Ленинград кітапханасындағы мына бір жайтты айтатын еді. Кітап жыртатындарды ертеден кешке шейін кіреберіске тік тұрғызып, кірген-шыққандар бетіне түкіреді екен. Сонда мен де былш еткіздім дегені бар.

Физиолог Ч.Дарвиннің «Көркем кітап оқуға әуестігім азайып бара жатыр. Сон­дық­тан осының өзі менің жан дүниеме келген жамандықтың белгісі ме деп қорқамын»-дегені, ұлт көсемі Ахаңша айтқанда, «айдай анық, күндей жарық ақиқат». Бұл ретте көргенімді айтсам, оқымысты биолог Т.Дарханбаев көлігіне мінгізіп алып, Алматы дүкендерін шарлап, О.Сүлейменовтің «Аз и Я»-сын әрең дегенде тауып алғанымыз бар. Немесе Ә.Шәріпов тарихшы К.Есмағамбетовтың «Действительность и фальсификация» деген кітабын (1976) қалай іздегені есімде. Я болмаса математик О.Жәутіковтің көркем әдебиетке құмарлығы өзгеше еді. Лениндік сыйлықтың лауреаты, 1986-1987 жылдардағы Қазақ ССР ҒА-ның президенті Мұрат Айтхожин күн сайын «Орталық ғы­лыми кітапханада» қаншалықты ғылыми қызметкерлер дайындалғаны жөнінде мәлі­меттер сұрататын. Ал сыншы Сағат Әшім­баевтың кітапханасы – адамзат ақыл-­ойының энциклопедиясы сияқты еді. Кон­фуций, Сократ, Платон, Аристотель, Фараби, Ясауи, Ж.Баласағұн, М.Қашғари сынды даналардың ой асылдарынан бас-тап, одан бергі Абай ілімі, Сұлтанмахмұт, Мағжандардың сап толғаулары – осындай адамзаттың рухани игіліктерінен безу, кітапқа деген ынтадан айрылу – дауасыз дертке, қалың қасіретке ұшырағанмен бірдей. Көріп жүргеніміздей, шынайы түбегейлі іс-әрекет емес, әншейін жарнамалау, яғни Абайша айтсақ, «өзін көр­сетпек, өзін-өзі базарға салып, бір ақылы көзіндегі ақымақтарға «бәрекелді» дегіз­бек» өртше лаулап, дес бермей кетті. Мүм­кін, осындай желбуаздық, қысыр да қызыл сөз кейінгілерді жирендіріп жібермеді ме екен? 

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Үй­­ре­­ну дегеніміз – оқу» дей отырып: «Мәдениет күшейтеді – өнер-білім күші­мен, өнер-білім күшейеді – оқумен. Оқу ісі сабақтас әдебиетпен. Оқу әдебиетті күшей­теді, әдебиет оқуды күшейтеді... Азаттық асы­лы – мәдениетте, мәдениет күшеюінің тетігі – оқу мен әдебиетте» деп, даналық негізі – білім алудың бірнеше тәсілдерінің бірі – «оқумен нәрленіп, тоқумен әрлену екендігін» шегелеп айтты емес пе.
Кітап – мәдениет пен өркениет айғағы, адамзаттың ақылшысы, адамдық айнасы... Абайдың: «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге» дегені қай заманда болмасын рухани жетілудің мінсіз мүмкіндігі екенін дәйім қаперде ұстайық.
 

Серік НЕГИМОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

16.11.2018

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады

16.11.2018

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен ел біріншілігі өтті

16.11.2018

Атырауда жүргізушілер мен автобус жолсеріктерінің жалақысы екі есеге өсті

16.11.2018

Тұқым шаруашылығын дамытуға инвесторлар 25 млн $ қаржы салады

16.11.2018

Бокстан ел чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды

16.11.2018

Спортшы қыздарымыз әлемдік сында үздік үштікке енді

16.11.2018

Қазақстан - Өзбекстан: тауар айналымын 5 млрд АҚШ долларына жеткізу көзделуде

16.11.2018

Елорда жастары «Жастар жылынан» не күтеді?

16.11.2018

Павлодарда тоғызқұмалақтан «Сарыарқа самалы» газетінің жүлдесі үшін турнир өтті

16.11.2018

Айдос Тұрысбек: Самал Еслямова «Хабар» арнасының фильміне түсіп жатыр

16.11.2018

Батыс Қазақстанда тағы 50 кәсіпорын жалақы өсірді

16.11.2018

«Өрнек». Бір өлеңнің сыры. Ерлан Жүніс (видео)

16.11.2018

Кәсіп­кер­лерді заңсыз тексеру азайды - Бас прокурор

16.11.2018

Астана сессиясы. ҰҚШҰ-ның бейбітшіліксүйгіш беделін нығайтты

16.11.2018

Сарысудың музыкалық мұрасы

16.11.2018

Жалақаны өсіру үдерістері тездетілуде

16.11.2018

Жастар жылынан не күтесіз? Сауалдамадаға қатысқандар пікірі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу