Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2017

Атырауда Нұрлан Оразалин мен Смағұл Елубайдың шығармашылық кеші өтті

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрында белгілі қаламгерлер Нұрлан Оразалин мен Смағұл Елубайдың шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.

Атырауда Нұрлан Оразалин мен Смағұл Елубайдың шығармашылық кеші өтті

Есімдері елге таныс ақын мен жазушының кешіне көрермен көп жиналды. Шараға өнер қайраткерлерімен бірге Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев қатысты. Кеш барысында Нұрлан Оразалин əдебиетке қатысты əңгімелер мен ғұмырбаяндық естеліктерін айтты. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы туралы ойымен бөлісті.

- Мақала ұлтты ұйыстыруды мақсат еткен жаңа тарихи құжат,- деді Нұрлан Оразалин.  - "Мəңгілік ел" идеясын жүзеге асыру арқылы бəсекеге қабілетті азаматтарды тəрбиелеуге айрықша көңіл бөлініп отыр. Өскелең ұрпақты қазақ халқының жалпы ұлттық құндылықтарын бағалай білуге тəрбиелеу жайы осы мақалада нақты көрсетілген.

Смағұл Елубаев та Нұрлан Оразалиннің пікірін қуаттап, жас ұрпаққа тəуелсіз Қазақстанның жаңа тарихын жасау жауапкершілігі жүктелгеніне тоқталды. Атырау облысына сапарларында қос қаламгер аймақтағы жас əдебиетшілермен де кездесті.

Соңғы жаңалықтар