Ұлттық спорт • 08 Қыркүйек, 2017

Әлем барысы ‒ 2017. Айбек Нұғымаров финалда грузин балуанымен белдеседі

823 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада өтіп жатқан «Әлем барысы ‒ 2017» турнирінің жартылай финалына қазақ балуандарының ішінен тек Айбек Нұғымаров шықты.

Әлем барысы ‒ 2017. Айбек Нұғымаров финалда грузин балуанымен белдеседі

Алғашқы жартылай финалдық бәсекеде Айбек Нұғымаров Моңғолия қазағы Серік Бердімұратпен белдісіп, екеуі де бірінші минутта бүк ұпайын иеленді. Арадан екі минут уақыт салып Айбек тағы бір бүк ұпай алып, жамбас ұпайымен жеңіске жетті. Алайда, моңғолиялық балуан бұл нәтижеге келіспей, өзінің наразылығын білдірген болатын. Бірақ, төрешілер жеңіске Айбек Нұғымаров лайық деп тапты. Сөйтіп, ол қатарынан екінші рет «Әлем барысы» турнирінің финалдық белдесуіне шықты. 

Ал екінші жартылай финалдық кездесуде Ержан Шынкеев грузиялық балуан Гуран Тушишвилимен күш сынасып, белдесудің соңғы секундында Ержан қарсыласынан таза әдіспен жеңіліп қалды.

Сонымен, 2017 жылғы «Әлем барысының финалында Айбек Нұғымаров пен грузин балуаны Гуран Тушишвили белдесетін болды.