Медицина • 08 Қыркүйек, 2017

Жаңғыру ісінде кәсіподақтардың рөлі зор

265 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Қазақстан кәсіподақтары федерациясының ұйымдастыруымен «Сананы жаңғырту және кәсіподақтар: келешегі мен жетілдіру жолдары» атты тақырыпта республикалық форум өз жұмысын бастады. Отырысқа салалық, аймақтық кәсіподақтар, сараптамалық орталықтар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып, пайымды пікірлерін ортаға салды. 

 

Жаңғыру ісінде кәсіподақтардың рөлі зор

Қазақстан кәсіподақтары феде­ра­­циясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов қоғамдық сананы жаң­ғыртудың негізгі басымдығы қа­зақстандықтардың табысты жә­не бәсекеге қабілетті болуы үшін өз-өзіне сыни көзқарастарын қай­­та қарауы қажеттігін атап өт­­ті. Сонымен қатар, Елбасы Нұр­­сұлтан Назарбаевтың «Бо­ла­шақ­қа бағдар: рухани жаң­ғы­ру» ма­қаласын талқылауға арналған фо­рум жұмысы төрт күнге созылатынын жеткізді.

«Қазір сөздің емес, істің заманы туды. Елбасы аталған ма­қа­лада қай жұмысты қалай атқару ке­­р­ектігін, оны қалай жүзеге асыр­­­ғанда нәтижелі қорытынды бе­­ретіндігін атап көрсетті. Бас­қо­­суға еліміздің ғана емес, ше­те­л­­­ден шақырылған сарапшылар да қатысып отыр. Бүгінгі таң­­да кәсіподақ құрамында 2 мил­лионға жуық мүше бар. Олар­ға отырыста ортаға салын­ған ойларды тұжырымдап, жет­кі­зу – біздің міндетіміз», деді Ә.Құсайынов.
Сондай-ақ, ол кәсіподақтың атқаратын негізгі міндеттеріне жала­қыны уақытында беруді қам­тамасыз ету, жақында қабыл­дан­ған Еңбек кодексінің әрбір бабының орындалуын талқылау, бір сөзбен айтқанда, қарапайым ха­­лықтың құқығын қорғау кі­ре­тін­дігін баяндады.

Форумда Ресей Феде­р­ац­ия­сының ғылыми қауым­дас­тығы аты­нан сөз сөйлеген профессор Б.Титов: «Сананы жаңғырту – қа­зақстандықтардың саналы таң­дауы. Бұл Қазақстанның адам ка­питалы дамуының жоғарғы ин­дексіне ие табысты мемлекеттер қатарында болуының басты шарты», деді.

Басқосуға қатысушылар әлеу­­­меттік жаңғырудың басты ны­­­­шаны технологиялық ойлау дең­­­­гейіне сапалы көшу, заман та­­­лаптарына сәйкес әлеуметтік жә­­­не рухани ұйымшылдық, жа­ңа­­­шылдыққа ұмтылу және білім алу арқылы әлем елдерімен әл­еу­­­­­етімізді теңестіру екенін жет­­кіз­ді. 

Кәсіподақтар федерациясы «Сананы жаңғырту» бағ­дар­­ламасын сапалы жүзеге асы­ру­­дың маңыздылығын түсініп, об­лыстардағы кәсіподақ бөлім­ше­лерінде түрлі жиын өткізіп, түсіндіру топтарын құрған. Ұй­ым­­дастырушылардың айтуынша, үш күнге созылатын форум аясында пленаралық отырыс, семинар түріндегі секциялық тренингтер, «сананы жаңғырту» сынды жасампаз үдерістегі кәсіподақтардың рөліне байланысты өзекті мәселелерге арналған пікірталастар өткізу жоспарланған.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»