Қазақстан • 09 Қыркүйек, 2017

Сенбі күні Қазақстанда күн күркіреп, жаңбыр жауады

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның басым бөлігінде форнтальды бөліктердің өтуіне байланысты күн күркіреп, жаубыр жауады, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Сенбі күні Қазақстанда күн күркіреп, жаңбыр жауады

Республиканың оңтүстік батысында, солтүстікте, солтүстік шығысында, орталық пен шығыста түнде және таң ата тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таң ата тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының бірқатар аймақтарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау, түнде Қарағанды, түнде және таң ата Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде 2 гардусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының бірқатар аймақтарында өрт қаупі сақталады.