Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2017

Қос мәжілісменге «Үш би» құрмет белгісі берілді

668 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конституция күнін мерекелеу шаралары аясында Республика судьялары одағы Орталық Кеңесінің төрағасы Мұсабек Әлімбеков Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Әскери сотының баспасөз қызметі.

Қос мәжілісменге «Үш би» құрмет белгісі берілді

Кездесуде М. Әлімбеков Парламент Мәжілісінің депуттары Анар Жайылғанова мен Евгений Козловқа судьялар қоғамдастығын дамытуға қосқан үлесі және жоғары кәсіби шеберлігі үшін салтанатты түрде Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісін тапсырды.

Мәжілісмендердің жемісті еңбегін, еліміздің сот жүйесін дамытуға қосқан үлесін атай келе, М. Әлімбеков:

«Үш Би» ең жоғары деңгейді білдіретін Судьялар одағының құрмет белгісі, ол ерекше қызметтер, көп жылдық еңбек, мінсіз абырой және белсенді қоғамдық қызмет үшін беріледі», - деді.

Парламент депутаттары еңбектері еленгені үшін Судьялар одағы Орталық Кеңесінің басшылығына алғыс білдірді.