Қазақстан • 09 Қыркүйек, 2017

Астанаға Пәкістан Президенті келді

748 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістан Президенті Мамнун Хусейннің ұшағы Астана әуежайына келіп қонды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»

Астанаға Пәкістан Президенті келді

Пәкістан лидерін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов және Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қарсы алды.

Бұрын хабарланғанындай, 10-11 қыркүйек күндері Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен тарихта алғаш рет Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі Саммиті өтеді. Саммитке ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің, бақылаушы елдердің, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдардың 80-ге жуық делегациясы қатысады.

Бұдан тыс, 10 қыркүйек күні Астанада ЭКСПО-2017 хадықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты жабылу рәсімі өтеді.