Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2017

Ауа райы: Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ жауады

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тропосфералық батыс тасқындар солтүстік-батысқа және солтүстікке жиі ауысады. Бұл Қазақстан аумағына арктикалық теңіз аймақтарынан суық және дымқыл ауаның жиі түсуін, тек солтүстікте қана емес, оңтүстік облыстарда да күннің суытатынын білдіреді, деп хабарлайды Қазгидромед.

 

Ауа райы: Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ жауады

Демалыс күндері, циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен, Қазақстанның көптеген облыстарында жаңбыр, қатты екпінді жел, кей жерде 15-25.м/с соғып, температураның төмендеуі күтіледі.

Ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градус төмендейді.

Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауып, жеке аймақтарда күн күркіреу кезінде желдің жылдамдығы 13-20 м/с күшеюі мүмкін. Бұл облыстарда сондай-ақ температура төмендейді, бірақ орташа көпжылдық мәндерге жуық болады.