Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2017

Қазақстан мен Сауд Арабиясы ғарыш саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚазАқпарат- Астанада ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен Сауд Арабиясының Король Абдел Азиз атындағы ғылыми-техникалық қалашықтың президенті доктор Турки бен Сауд бен Мухаммад Аль Саудпен кездесті, деп хабар береді «ҚазАқпарат»

Қазақстан мен Сауд Арабиясы ғарыш саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ

«Келіссөздер барысында ғарыштық қызмет саласындағы екіжақты ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Кездесу қорытындыларына орай бірлескен жұмыстарды іске асыру жөніндегі жол картасын егжей-тегжейлі әзірлеумен айналысатын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды», - делінген министрлік баспасөз парағында.

Мәртебелі қонақ Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығында болып, еліміздің ғарыш саласындағы жетістіктерімен танысты.

«Қазақстан ғарыш саласында қысқа уақыт ішінде үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Біз сіздермензаманауи ғарыштық технологияларды пайдалану бойынша ынтымақтастық жасауға мүдделіміз», - деді Сауд Арабиясы Ғылыми-техникалық қалашығының президенті.

Еске сала кетейік, «Қазғарыш» пен Король Абдель Азиз атындағы Ғылыми-техникалық қалашық арасында ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану жөніндегі ынтымақтастық туралы базалық келісімге 2011 жылы Эр-Рияд қаласында қол қойылған болатын.