Парламент • 11 Қыркүйек, 2017

Тоқаев Гвинея президентімен пікірлесті

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі алғашқы саммитіне қатысу үшін келген Гвинея Президенті, Африка  Одағының басшысы Альфа Кондемен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша өт­кен форумға қатысқаны үшін Қ.Тоқаев мәртебелі қонаққа алғыс айт­ты.

Гвинея президенті Елбасының ислам әлемін жақындастыруға және ғылыми, технологиялық және экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады. «Бұл өте маңызды Саммит, өйткені қазір біз атқарып отырған істің орны ойсырап тұрған», деді А.Конде.

Кездесу барысында Африка Одағының даму келешегі және Қазақстанның осы ұйыммен өзара байланыстары талқыланды. Қ.Тоқаев Қазақстан Африка құрлығындағы мемлекеттермен достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға үлкен мән беретінін атап өтті. Сенат спикері А.Конденің төрағалығы кез­ін­де Африка елдерінің бірлігі айтар­лықтай нығайып, Африка Ода­ғының халықаралық беделі өске­нін атап өтті. 

Кездесу барысында Қазақстан мен Гвинея арасындағы ынтымақтастық пен парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелері де сөз болды.