Парламент • 12 Қыркүйек, 2017

Жалпы отырыстың күн тәртібі айқындалды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілісте Бюро отырысы өтті. Онда жалпы отырыста тал­қы­ланатын мәселелер айқындалды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.


Жалпы отырыстың күн тәртібі айқындалды

Күн тәртібінің жобасына «Қа­зақстан Рес­пуб­ликасының Халық­аралық Валюта Қорына, Ха­­лық­аралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халық­аралық Қаржы Кор­порациясына, Халық­аралық Даму Қауымдастығына, Инвес­ти­ция­лар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвес­тициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халық­аралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Да­му Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Да­му Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақ­стан Респуб­ли­касының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қа­зақ­­стан Республикасы заң жобасына заң­на­малық түзетулер енгізу үшін де­путаттар қарауына ұсынылды.   

Палата талқылауына ратификацияланатын заң жобасы – Қару саудасы туралы шарты енгізілетін болады. 

Сонымен қатар, күн тәртібінде палатаға са­ла­лық комитеттер бойынша қорытындыларын да­йындау мерзімін анықтайтын заң жобалары ұсы­нылады. Ратификацияланатын актілер қа­тар­ында: Қазақстан мен Грузия арасындағы Қазақ­стан Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мем­ле­кет­тік несиелер бойынша Грузия Үкіметінің бере­шегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісім бар. 

Бұдан басқа, Бюро отырысында парламенттік тыңдауда  көтерілетін елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Шығыс Қазақстан облысында 2017 жылғы 27-30 қыркүйек ара­лы­ғында көшпелі отырысын өткі­зу туралы өзекті мәселелер қарал­ды.