Астанада Дэвис кубогы­ның плей-офф матчы өтеді

Қыркүйектің 15-17 күн­дері аралығында Астана­дағы «Дәулет» ұлттық тен­нис орталы­ғында теннистен Дэвис кубогы­ның плей-офф матчы өтеді. Қазақстан Ұлт­тық құрамасы турнир­дің әлемдік тобына шығу үшін аталған дода­ның былтырғы чем­пионы Аргентина командасымен сынға түседі.

 

Егемен Қазақстан
13.09.2017 7791
2

Осы орайда спорт жанкүйер­лері, оның ішінде тенниссүйер қауым үшін Дэвис кубогының арғы-бергі тарихына тоқталып өткенді жөн көрдік. Дэвис кубо­гы – Халықаралық Теннис фе­де­ра­ция­сы жыл сайын өткі­зетін ерлер арасындағы ең ірі халық­­­ара­лық командалық жа­рыс. Жүз жылдан асатын тари­хы бар тур­нир ұлттық құра­ма­лар­дың бей­ресми чемпионаты саналады. 

Ең алғаш 1899 жылы Гарвард университетінің төрт студентіне ұлттық құрамалар ойнайтын теннис турнирін ұйымдастыру туралы ой келеді. Студенттердің бірі Дуайт Дэвис жарыстың кестесін құрып, өз ақшасына жарыстың сыйлығы ретінде күміс кубокты сатып алады. Кубоктың салмағы 70 килоны құраған. Алғашқы турнир 1900 жылы Бруклинде өтіп, оған АҚШ және Ұлыбритания құрамалары қатысқан. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейін бұл турнирге тағы алты құрама қосылған. Олар – Франция, Бельгия, Аустрия, Аустралия, Германия және Канада. Ал 1923 жылдан бастап қатысушы елдер саны артқан соң, «Америка аймағы» және «Еуропа аймағы» болып екі топқа бөлінген. 1955 жылы бұл турнирге «Азия аймағының» теннисшілері қосылып, жарыс көрігін қыздыра түседі. Арадан 11 жыл өткенде Еуропаның бір­қатар мемлекеттері Дэвис кубогына қатысуға ниет білдірген соң, турнирге тағы «Еуропа ай­мағы-А» мен «Еуропа айма­ғы-B» топтары қосылды.

Турнирдің 1981 жылғы соң­ғы ережесі бойынша коман­да­лар дәрежелеріне қарай, үш топ­қа бөлінеді. Бірінші топ – әлем­дік элита. Яғни, әлемнің ең мық­ты деген құрамалары өзара жеңім­паздарды анықтайды. Екін­шісі – аймақтық топтар (Аме­рика, Еуропа/Африка, Азия/Мұхит аралдары). Үшін­шісі – аутсайдерлер тобы. Ал Қазақ­стан Дэвис кубогында Азия және Мұхит аралдары аймағында өнер көрсетеді. Осы жерде айта кетейік, төменгі топтың үздігі жоғары топқа өтсе, керісінше, жоғары топта аутсайдер атанған команда төменгі топқа түседі.

Жарыс ережесі бойынша, екі құраманың теннисшілері өзара бес кездесу өткізеді. Үш күннің ішінде теннисшілер төрт жекелей және бір жұптық бәсекеде сынға түседі. Тур­нир­­дің бірінші күнінде корт қо­жа­йы­н­дарының екінші нөмір­­лі теннисшісі қарсылас коман­­даның бірінші ракеткасы саналатын ойыншысымен ой­най­­ды. Екінші күні команда­лар жұптық бәсекеде өзара кім мықтыны анықтайды. Ал турнирдің финалы саналған үшінші күнінде бірінші және екінші нөмірлі теннисшілер бір-бірімен кездесу өткізеді. Барлық ойындар бес сеттен өтеді және шешуші бесінші сетте тай-брейксіз ойнайтын болады (Тай-брейк теннисте 6:6 есебі болғанда гейм бойынша жеті ұпайға дейін ойналады). Ұйымдастырушылардың пікі­рін­ше, матчтың өткізу түрі екі құрама арасындағы бәсе­ке­лес­тікті арттырудың ең жақсы тәсілі. Сондай-ақ, теннис жанкүйерлерін матчтың соңғы кездесуіне дейін тағатсыздана көруіне мүмкіндік береді.

Турнирдің бас жүлдесін ірік­теуден іркілмей өткен әлем­дік топтың үздік 16 құрамасы сарапқа салады. Дэвис кубогы­ның жеңімпазын анықтау үшін командалар жылдық кесте бойынша ақпан және қыркүйек айларында үш кездесу өткізеді. Ал финалға шыққан екі команда қараша айының соңында жыл­дың ең үздік құрамасын анықтау үшін өзара бәсекеге түседі. Ай­мақ­тық топтардың сегіз жеңім­пазы әлемдік топтың бірін­ші айналымда жолы болма­ған, келесі жылғы әлемдік лига­ға қатыса алмайтын сегіз құра­ма­мен қыркүйек айында кездесе­тін болады (Қазақстан мен Ар­гентина құрамалары дәл осы ереже бойынша кездесу өткізеді). 2002 жылғы турнирге 142 құрама қатысқан. Бұл Дэвис кубогының тарихындағы рекордтық көрсеткіш болатын.

Дэвис кубогының ең алғаш­қы жүлде қорын 1981 жылы НЕК компаниясы тағайындап, турнирдің бас демеушісі атан­ған. Ал 2002 жылдан бүгінгі күнге дейін «BNP Paribas» банкі ұлттық құрамалардың бейресми чемпионаты саналатын жарыс­тың бас демеушісі болып келе­ді. Дэвис кубогының қазіргі жүлде қоры 8,5 миллион АҚШ долларын құрайды.

Бір ғасырлық тарихы бар турнирге Қазақстан құрамасы 1995 жылдан бастап қатысып келеді. Қазақ командасы оған дейін КСРО атынан қатысқан. Дегенмен, отандастарымыз әлем­дік топқа алғаш рет 2010 жылы Швейцарияны жеңген­нен кейін шықты. Содан бері Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының тұрақты қатысу­шы­сы атанды. 2011, 2013-15 жыл­дары ширек финалға дейін жетті. Бұл құрамамыздың бүгін­гі күнге дейінгі ең үлкен жетіс­тігі. Былтырғы турнирде тен­нис­шілеріміз әлемдік топтың бірін­ші кезеңінде Сербия құрама­сынан 2:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Келесі жылы да әлемдік топта сынға түсу үшін плей-офф кезеңінде Ресей теннисшілерін жеңуі керек еді. Алайда, ол матчта құра­ма­мыз қарсыластарына 1:3 нәти­жесімен есе жіберіп, Азия және Мұхит аралық аймағының I тобына түсіп қалған болатын. 

Дэвис кубогына ең көп қатыс­­қан (102 рет) АҚШ құра­ма­сы 61 рет финалға шыққан екен. Соның 32-сінде кубок жеңім­пазы атанса, 29 ойында финалда сүрі­ніп, күміс жүлдегер атанған. Екін­ші орында Аустралия құра­масы орналасқан. «Жасыл құр­лық» елінің теннисшілері фи­налға 47 рет шығып, 28-інде чем­пион атанған. Үздік үштікті Ұлы­британия теннисшілері қо­ры­тын­дылап тұр. Олар 18 рет финал­­ға шығып, 10 ойында же­­ңіс­­­ке жетсе, 8 рет финалда ж­е­ңіл­­­ген. Теннистен Дэвис кубо­­­гы­­­ның қысқаша тарихы осындай.

Алдағы күндері теннистен Қазақстан Ұлттық құрамасы турнирдің плей-офф кезеңінде Аргентина құрамасымен ойнай­ды. Бұл құрама турнирдің қазіргі чемпионы болғанымен, әлемдік топтың бірінші кезеңінде Ита­лия құрамасынан 2:3 есебі­мен жеңіліп қалған. Енді келесі жы­лы қайтадан әлемдік топта сынға түсу үшін Астанада еліміздің құрамасымен күш сынасады. Жеңген құрама 2018 жылы бәсекені әлемдік топтың бірінші кезеңінен бастайтын болады.

Айта кетейік, Қазақстан коман­дасы 7-9 сәуірде Қытай коман­дасын (Азия және Мұхит аралық аймағының I тобы) 4:1 есебімен жеңген.

Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

14.11.2018

Азамат Батырқожа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК басқарма төрағасы болып тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының бизнесмендерімен кездесу өткізді

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысында тұрғын үй бағдарламаларының іске асырылуымен танысты

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысында Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысады

14.11.2018

Алматыда экстремизмге қарсы халықаралық семинар өтті

14.11.2018

Қостанайда Торғай геоглифтері туралы кітап шықты

14.11.2018

Шығыс Қазақстан облысында 655-тен астам ІТ сыныптар іске қосылады

14.11.2018

Бүгін латын графикасы негізіндегі «Жалпыхалықтық диктант» өтті

14.11.2018

Елбасы роботталған хирургияның халықаралық референстік және оқыту орталығына барды

14.11.2018

Көкшетауда жылу-электр орталығы салынады

14.11.2018

«Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында сауда-саттықты іске қосу салтанатты рәсімі өтіп жатыр

14.11.2018

Ыстамбұлда «Ұлы даланың тарихи-мәдени келбеті» атты халықаралық көрме ашылды

14.11.2018

Елбасы АХҚО Биржасының алғашқы сауда-саттығын іске қосты

14.11.2018

Ұстаз құрметіне дәрісхана ашылды

14.11.2018

Шетелде тегін білім алғыңыз келсе...

14.11.2018

26 мың медицина маманын қанат қақтырған қара шаңырақ

14.11.2018

«Барыс» үшінші орынға көтерілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу