Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2017

Президент цифрландыру бойынша комиссия құруды тапсырды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңеске қатысты.

Президент цифрландыру бойынша комиссия құруды тапсырды

Елбасы іс-шара алдында арнайы әзірленген көрмені аралап көрді. Онда түрлі бағыттар бойынша 30-дан астам ІТ-жобалар қойылған. Кеңеске мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың жетекшілері, Парламент депутаттары, шетелдік ірі кәсіпорындар мен компаниялардың өкілдері қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев белгіленген міндеттерді шешіп, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ынталандыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді тапсырды. Соңында Мемлекет басшысы болашақтағы жаһандық сын-тегеуріндер мен технологиялық трендтерді зерттеу қажеттігін атап өтті.

– Бүгін айтылған мәселелердің барлығы еліміздің Үшінші жаңғыруы аясындағы маңызды міндеттер саналады. Үкімет оларды мемлекеттік бағдарламада ескеруі қажет. Сондай-ақ, ортақ мәселелерді шешу үшін Еуразиялық экономикалық комиссия аясында арнаулы комиссия құру керек. Сонымен қатар, бағдарламаны жетілдіре түсу үшін Президент жанынан комиссия құруды тапсырамын, – деп түйіндеді Қазақстан Президенті.