Әлем • 14 Қыркүйек, 2017

Суға батқан босқындар...

378 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Елдеріндегі қиын тұрмыстық жағ­дайдан, зорлық-зомбы­лық­­тан, дағдарыстан діңкесі құ­рып, өмір сүруге жайлы жер та­бу мақсатында теңіз малтып Еу­ропаға беттеген босқындар ле­­гі азаяр емес. Олардың қау­­іп­сіздік мәселесі біраз жы­л­­­дар бойы халықаралық ұй­­ым­дардың күн тәртібінде қа­­ра­лып келді. Ақыры тиісті ша­­ралар қабылданып, тиімді ше­шім­дер қолға алына баста­ған кезде тағы бір қиын мәселе көл­­де­неңнен шықты. 

Суға батқан босқындар...

Lenta.ru порталының хабар­лауынша, халықаралық коммер­ция­лық емес ұйымдар бұдан бы­лай Солтүстік Африкадан Жер­орта теңізімен Еуропаға қашқан бос­қындарды құтқар­май­тын­да­­рын мәлімдеді. Олардың те­ңіз­дегі миг­рант­тарды құтқару опе­ра­ция­с­ында атқарып жатқан ау­қым­ды жұмыстарын ескере ке­ле бұл ше­шім­нің салдары ауыр бо­латынын тү­сіну қиын емес.

Қара құрлықты тастап кетуге ниет білдірушілер заңсыз жолмен қай­ықтарды, шағын кемелерді лық толтырып Ливия, Мысыр, Тунис елдерінің жағалауларынан сол­түстікке, Еуропаға – Италия, Ис­пания, Грекия аралдарына қа­рай аттануда. Алайда, көздеген жер­леріне барлығы жете алмайды. Заңсыз адам тасымалдайтын кемелердің суға батқаны ту­ралы хабар құтқарушыларға күн­де­лікті келіп түседі. Суға кет­кен бос­қын­дарға ЕО елде­рі­нің әс­ке­ри теңіз­ші­лері, Frontex жалпы­еуро­­палық ше­ка­ра агент­ті­гінің қыз­мет­кер­лері мен жа­ғалау күзеті кө­мекке келе­тін. Бі­рақ олардың күш­тері жет­кі­лік­сіз болды.

Сол кезде Еуропаның комме­р­­ция­­лық емес ұйымдары қол ұшын со­зып суға батқан бос­қын­­дарды құт­қаруға атсалыс­ты. Құт­­қару опе­рациясына «Шекара­­сыз дә­рі­герлер», швед­тер­дің «Бала­лар­ды құт­­қа­райық», не­містің «Теңіз кө­зі», фран­цуз­дың «Жерорта те­ңі­зі SOS», мальталық MOAS жә­не бас­қа да халықаралық қайы­рым­дылық ұй­ымдар қатысты.

Теңіз таксиі

Теңізде ерікті құтқарушылар пайда болғалы заңсыз адам тасы­малдаушылар ақша табудың же­ңіл жолын тапты. Бұрын олар жо­­лау­шыларды аралдарға дей­ін жеткізіп жүрген, алайда, сая­хат­тың қауіпті тұстары аз емес. Ба­рар немесе қайтар жолда бұ­лар­дың кемелерін шекарашылар тоқтатып қалуы әбден мүмкін еді. Оған қо­са, шы­ғынның басым бө­лігі жанар­май­ға жұмсалады. 

Контрабандашылар «бір оқ­пен екі қоян атып», бұл екі мә­се­лені бір жолмен шешті. Олар енді ке­ме­леріне тек бейтарап суларға дейін ба­ру­ға жететін жанармай құйып, бе­нзин таусылған соң қайықтарын қал­қытып қой­ып, SOS дабылын бе­ріп құт­қа­р­у­шыларды күтіп жатуға көш­кен. Алайда, бұл құйтұрқы тә­сіл­дің де қауіпті салдары аз емес-тін. Дауылдан немесе көмек туралы дабыл уақытылы қабылданбауынан біраз кемелер суға батты, адам шы­ғы­ны еселенді.  

2016 жылы Frontex агент­ті­гі­нің шекарашылары заңсыз адам тасымалдаушылар мен ком­ме­р­циялық емес ұйымдардың құт­қарушылары арасында белгілі бір қаржылық ымыра болуы мүм­кін деген кү­дік келтірді. Олар босқындардың заң­сыз та­сы­­малдаушыларға мың дол­лар бе­­ретінін, ол ақшаның бір бө­лігі құт­­қарушыларға берілуі мүм­кін еке­­нін алға тартты.

Шекарашылар еріктілердің ке­мелері жүзіп өткен бағдар­лар­­­ды зерттеп шығып, олардың құт­қару туралы дабыл шығатын ай­мақтарға алдын ала ерекше дәлдікпен баратындарын байқаған. Олардың болжамынша, құтқару туралы ақпарат ерік­тілерге алдын ала беріліп отыр­ған және бұл қызмет үшін ақша тө­ленуі де әбден мүмкін.

Осылайша, гуманитарлық ке­мелер өзіндік теңіз таксиіне ай­­нала бастаған көрінеді. Еуро­паның құқық қорғау орган­дары мұндай «жалған» қайырымдылыққа қарсы. Ита­лия прокуратурасы адамдарды заңсыз алып өту бойынша іс қозғады. Бұл іс қазіргі уа­қыт­қа дейін тергелу үстінде. Jugend Rettet неміс компаниясы мен «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының еріктілері басты күдіктілер ретінде танылып отыр. 

Дау тудырған құжат

Аталған мәселені шешу үшін Италия билігі коммерциялық емес ұйым­дар кемелерінің қыз­ме­тін рет­тейтін арнайы кодекс әзір­леп шығарды. Ережеде кеме­лерге қару­лы полицейлерді оты­р­­ғызу және құт­қарылған жо­­лаушыларды бір ке­меден екін­шісіне ауыстыруға тый­­ым салу қарастырылды. Алай­да, ком­мер­циялық емес ұйым­дар­дың басым бөлігі бұл ережені сақ­таудан бас тартып, өздерінің Жер­орта теңізіндегі миссиялары аяқ­талғанын жариялады. 

Бұл шешімді халықаралық құ­қық қорғау ұйымдары да жы­лы қабылдамады. Мәселен, Amnesty International аталған құжат құт­қа­рушы топтардың беделін түсіруді мақ­сат тұтқан ауқымды науқан аясында пай­да болғанын алға тартты. Ұйым өкіл­дерінің айтуынша, еуро­па­лық шенеуніктерді босқындар­дың зардап шегіп жат­қа­ны алаңдатпайды, олар Ливия жағалау күзетінің мигранттарды өз аумақтарынан шықпай жатып ұстап алуларын, осылайша босқындардың Еуропаға ағылуын шектеуді көздейді.

«Amnesty International мен Human Rights Watch ұйым­да­ры Ли­вия жағалау күзеті қыз­мет­кер­­лерінің аяусыз, заңға қайшы әрекет­те­рін құжатпен бекітіп қойған», – делінген ұйымның мәлімдемесінде.

«Жерорта теңізіндегі траге­дия­­ның ауқымын және Ливияда бос­қындарға қиянат жасалуын ескере отырып, Еуроодақ Ита­лия­мен бірге Ливия аумақтық су­ла­рындағы құт­қару-іздестіру опе­рацияларын кеңейту үшін жұ­мыс жасауы керек. Ал олар бол­са бұл жұмысты шектеуді көз­дейді», деп мәлімдеді Еу­ропа мен Орталық Азия бойын­ша Human Rights Watch бағ­дар­ла­ма­сының директоры Джудит Сандерленд.

Босқындарға зорлық-зом­былық көрсету өршіп тұр

10 тамызда Ливия билігі өз ау­мақ­тық суларында жеке іздес­ті­ру-құт­қару қызметін құрғаны жө­нін­де мәлім етті. Осы күннен бас­тап коммерциялық емес ұйымдар­дың кемелеріне Ливияның 22 ша­қы­рым­дық жаға­лау аймағына кіруге жә­не онда жүр­гізіліп жатқан опе­ра­цияларға қатысуға тыйым салын­ды. Ливия жаға­лау күзеті өз аумақтық су­­лар­ында босқындар мінген қай­­ық­­тарды аулауға кірісті. Еуро­па­ның бұл мәселеде жерг­і­лік­ті би­лікті қолдайтыны жасы­рын емес. Әсіресе, 2014 жыл­дан бері еліне 600 мыңға жу­ық бос­қынды қабылдаған Ита­лия­ның қалыптасқан үрдіске қар­сы тұруға ниеті бар. Рим мен Триполи арасындағы арна­йы ке­лісімге сәйкес, Италия те­ңіз­ші­лері Жерорта теңізінде заң­сыз адам та­сымалының жолын ке­сетін ли­вия­лық әріптестеріне даяр­лық сабақ­та­рын жүргізеді.

«Шекарасыз дәрігерлер» ұйы­мы италиялық бөлімшесінің бас­шысы Лорис де Филиппи Жерорта теңізіндегі мәселенің қи­ын­дап кету ықтималдығы жоғары деп бағалады. 

«Егер гуманитарлық кеме­лер Жерорта теңізінен кетсе, ондағы адам шығыны арта түсе­ді. Суға ба­тады немесе Ливия­ға қайта ора­лады. Ал біз бұл елде заң үс­темдік ет­пей­тінін, миг­рант­тар­ға зор­лық-зом­былық көрсету жағ­да­йы өршіп тұр­ғанын білеміз», деді ол.
Oxfam гуманитарлық ұйы­мы­ның мамандары Ливия­ның ар­найы лагерьлерінен қашып құ­тылған 31 әйел адам мен 127 ер азамат арасында сауалнама жүр­гізді. 

Лагерьден қашып шыққан әйел­­дер­дің біреуі ғана жыныс­тық зор­лық-зомбылыққа ұшыра­ма­­­ған болып шықты. Басым бө­­­лігі лагерь­де босқындардың азап­­талуы­ның, өлімінің куәсі бол­­ған. Олар «қаралы лагерь» ка­ме­рала­рын­да жантүршігерлік азап­қа ұшы­ра­ған­дарын айтқан. Бос­қын­дар­дың 80 пайызы ұзақ уа­қыт бойы тамақ пен су беріл­ме­генін жеткізді.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұ­рақ­­ты емес мүшесі болып сай­лан­ған Қазақстан аталған мәсе­ле­ні оң­тай­лы шешуге мүдделі. Халық­ара­­лық антиядролық бастамаларға мұ­­рын­дық болып жүрген Қазақстан бо­с­қын­дар шиеленісінің алдын алуға өз үле­сін қосады. 

Осылайша, мигранттарға бір жағынан Ливиядағы арнайы ла­герьге түсу үрейі, екінші жа­ғы­­нан теңізде қай­ықтарының апат­­­қа ұшырау қау­пі төніп тұр. Ал коммерциялық емес халықаралық ұйымдар мен Еу­ропа құқық қорғау орган­да­ры­ның арасындағы дау-дамай бү­гін­де Сол­түстік Африкадан бей­біт өмір із­деп, жат елге бет алған мил­ли­он­да­ған адам­ның тағдырына әсер ететін түрі бар. 

Дайындаған 

Айдар ӨРІСБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар