Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2017

Көрме кезінде 1,4 миллионнан астам жолаушы тасымалданды

739 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде темір жол көлігімен Астана қаласына жолаушыларды тасымалдау өсімі облысаралық бағыттар бойынша 23%-ға, ал халықаралық бағыттар бойынша 10%-ға ұлғайды. 

Көрме кезінде 1,4 миллионнан астам жолаушы тасымалданды

Атап айтқанда, Астана қала­сына темір жол көлігімен 1,46 млн жолаушы келді. Еліміз­дің аймақтарынан 1,43 млн жолаушы, ТМД мемлекеттерінен 31,3 мың жолаушы келді.

Жолаушылар көп келген аймақтар да анықталды. Алматы қаласы мен Алматы облысынан 245 мың жолаушы, оңтүстік аймақтардан 207 мың, Павлодар облысынан 176 мың, Ақмола облысынан 173 мың, Қостанай облысынан 160 мың, Қарағанды облысынан 125 мың және Шығыс Қазақстан облысынан 105 мың жолаушы сапарлаған. 

Сонымен қатар, Ақтөбе мен Атырау облыстарынан қаты­найтын пойыздармен сапарлаған жолаушылар саны артқан. Бұл кезеңде Астанаға Ақтөбеден 57 мың, Атыраудан 47 мың жолаушы келген.

Айта кету керек, көрме ұйым­дастырылған кезеңде жолау­шы­лар тасымалын қамта­масыз ету үшін Астана қаласына жүретін бағыттардың саны 44-тен 57-ге дейін көбей­тіліп, 13 жолаушы және қала маңы пойызы іске қосылды.