14 Қыркүйек, 2017

Ғасырлар құндылығына айналады

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының бастамасымен қолға алынып жатқан қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру қозғалысының ішінде біз де бармыз. Бұл қозғалысты қолдаймыз. 

Ғасырлар құндылығына айналады

Енді осыған орай айтатын пікіріміз, латын графикасына ауысу қарекетін тым асықтырмай, аптықтырмай, жеті рет өлшеп, бір кесетін шаруа деп білеміз. Өйткені әліпби бір жылға, он жылға таңдалмайды. Ол ғасырларға кетеді. Ұлттық мұраға айналатын құндылық. О бастан Қазақстанда әліпби өзгеретін болса, онда бүкіл балабақша, мектептер латынға ауысу керек деген идеяны айтқан едім. Және сол идеяны әлі де айтам. Яғни әліпби ауысатын болса, жартысы кириллицада қалып, жартымыз латынға ауысатын болсақ, бұл бөлінуге әкелмей ме деген күдік бар. 

Бұл форма туралы мынандай ұсыныс айтсам. Біз Президентпен кездесуде Қазақстанда бала­бақшадан бастап, орта мектеп бір бағдарламамен оқуы керек және ол жерде мемлекеттік тіл басты тіл болып, орыс тілі мен ағылшын тілі қосымша жүру керек деген едік. Мінекей, осы орайда мемлекеттік тілді латын графикасымен оқытып, оқу процесінің өне бойында, оның ішінде орыс тілінде жүретін пәндерді кириллицамен, ағылшын тілінде оқытатын пәндерді ағылшын әліпбиімен оқытса, қалай болар еді. Сонда мектепте, үш әліпби де жүреді. Әрине, ең басты қазақ әліпбиі бірінші тұрады. Сонда бұрынғы құндылықтар да ұмыт қалмай, енді байлықты да өзіміз иемденіп, пайдаға кенелер едік. Өткен жүз жылдық тарихтан қол үзбейміз, рухани жіп үзілмейді.

Смағұл Елубай, 

жазушы

Соңғы жаңалықтар