Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2017

Әліпбиді өзгерту – заман талабы

707 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бермен қарай көтеріліп, халық арасында кеңінен айтылып, талқыланып келеді. 

Әліпбиді өзгерту – заман талабы

Елбасы Н.Назарбаев Қазақ­стан халқы Ассамблеясының ХІІ сессия­сында «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптас­қан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында латын әліп­биіне көшу туралы салиқалы ойларын жеткізді Мем­лекет басшысы «Болашаққа бағ­дар: рухани жаң­ғыру» атты бағ­­дар­­ламалық мақа­ла­сында алда­­ғы жыл­дары мық­тап қолға алуды қажет ететін жоба­лар­дың бірі ретін­­де қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәсе­­лесін ұсынды. Осыған бай­ланыс­ты ақпарат құрал­дарын­да ашық қоғамдық пікірлер айтылды, латын әліпбиіне көшудің артық­шы­лықтары мен кем­шіліктері жө­­нін­де сарапта­малық мақалалар жа­зы­л­­ды. Қоғам қай­рат­керлері мен зия­­лы қауым өкіл­дері латын әліп­биі­не көшуді қол­дап, ұсыныстар жасады.

Посткеңестік кеңістіктегі өзге ұлт­тар­дың санасын отарлап, тілін жойып, ұлтсыздандыру мақ­сатында жасалған кирилл әліп­биі­нен құтылып, көпұлт­ты еліміз­ді ұйыстыратын, жер бетінде тарыдай шашылған қазақтың басын біріктіріп ұлттық бірегейлігін қалыптастыратын, түбі бір, тілі бір түркі халқымен ортақтастырып бай­ланыстыратын латын әліпбиі  тәуел­сіз Қазақстан үшін тарихи сәт болмақ. 

Латын әліпбиіне көшу – мем­ле­кеттік маңызды іс, ұлттық мүд­­деге ар­нал­ған бағдарлама. Негіз­гі меже – Мәң­гілік Ел. Ел­басы Н.Назарбаев: «Ен­ді ешкім өзгерт­е ал­майтын бір ақи­қат бар. Ана тілі­міз Мәңгілік Елі­­міз­бен бір­ге Мәң­гілік тіл болды! Оны дау­­дың тақырыбы емес, ұлттың ұйыт­­қысы ете білгеніміз жөн», деп Жол­­дауын­­да айтқандай, әліпбиді өзгер­­­ту Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі үшін қажет. Көздеген мақсатқа жету­дің жолы осы.
 
Әділбек Әміренов,

Павлодар мемлекеттік
педагогикалық институтының
доценті