Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2017

Тіліміз табиғи қалпын сақтайды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда латын графи­касы­на негізделген әліпби жүйесі әлемде кең қолданысқа ие болып отыр­ғаны белгілі.

Тіліміз табиғи қалпын сақтайды

Әлем халықтарының 40 %-нан астамы латын негізді жазу түрін пайдаланады. Елба­сы Н.Ә.Назарбаев халыққа Жол­дауында «Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады» деген болатын. Анығында, осы әліпбиді тұтынушы елдердің әлемдік өркениет пен мәдениеттегі, ғылым мен техника, медицина, т.б. салалардағы жетіс­тіктері мен өнімдері де жоғары нәтижеде екендігін көріп отырмыз. Демек, еліміздің әлем елдерімен бәсекеге түсуіне латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы керек. Қазақ ұлтына қажетті нәрсе жалпы зияткерлік пен әлемдік деңгейдегі білім. Ал бұларға бастар қадам жақын уақытта латын әліпбиіне көшу деп есептейміз. Ұялы бай­ла­ныс­тағы хабарламалар мен интер­нет жүйесі бойынша хабар­лама­лар­дың көпшілігі осы гра­фи­ка­мен жа­зылуда, сондықтан латын әліп­биін меңгеру қиынға түспейтіні анық.

Латын графикасына негізделген әліпби жүйесінің тиімділігін тілші ғалым­дардың көпшілігі қолдап отыр. 
Сонымен, латын әліпбиіне көшу – тіліміздің табиғи қалпын сақ­тауы үшін, қазақ тілінде ком­пью­терлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне енуіне жол ашылып, еліміздің жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуі және шетелдегі қазақтармен рухани, мәдени, ғылы­ми, экономикалық қарым-қатынасты нығайту үшін де тиімді болмақ.

Гүлназ КӘРІПЖАНОВА, 

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты