Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2017

Мектеп мәселесі мәнісін таппай тұр

488 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанынан құрылған Ұлттық қордан бөлінетін бюджет қаражаттарының мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның төрайымы Ирина Аронованың жетекшілігімен отырыс болып өтті. 

Мектеп мәселесі мәнісін таппай тұр

Онда инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарла­масы­ның шеңберінде апат­ты және 3 ауысымды мектеп­терді жою, мектепке дейін­гі ұйым­дардағы орын жетіспеу­шілі­гін азайту мәселесі қарал­ды. Жазғы дема­лыста бұл мәсе­ле­лермен дәйек­ті түрде таныс­қан депутаттар қызу бел­сен­ділік көрсетті. Қарал­ған мәселе бойынша баян­дама жаса­­ған және барлық сұрақ­тар­ға жауап берген Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова болды. Ол қолында бар мәлі­меттерді баяндап, еліміз­дің кейбір аймақтарында әлі де апат­ты және 3 ауысымды мек­теп­тердің қалып отырғанын жет­кізді. Ұлттық қордан осы мақ­саттарға бөлінген қаражат­тың жалпы көлемі 72 млрд теңге болған. Оған 112 мектеп­те құры­л­ыс жүріп жатыр, со­ның 56-сы құрылысы бұрын­нан жал­ғасуда, ал 56-сы жаңа мек­­тептер. Биылғы жылдың 1 қыр­­күйегінде 52 мектеп пайда­лану­ға берілген. Олардың ішін­дегі 45 мектеп 2016 жылдан ауыс­­­қан, 7 мектептің құрылысы биыл басталып, биыл аяқталған. Жеті аймақтың 42 мектебінде үш ауысым жойылған және 5 өңір­­­де 9 апатты мектептің ор­ны­­на жаңа мектеп ғимараты салынған. 

Кейбір облыстарда құрылыс жұмыстарының сызбаға сәйкес болмай, дайындық сапына енгі­зіл­мей тұрғандығы жөнінде де түсініктер берілді. Депутат Құдай­берген Ержан Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемле­кеттік сатып алу жұмыстары бойынша екі мектептің құры­лысы тоқтап, 2 млрд теңге қара­жаттың игерілмей қалуы­­­ның қандай себебі бар деп сұрады. Оған вице-министр оңтүс­тіктегі жағдайды мақтап, барлық бөлінген 17 млрд теңгенің 96,7 пайы­зы игеріліп, салынуға тиісті 19 мектептің 16 пайдалануға беріл­­генін айтты. Қалған 3 мек­теп­тің құрылысы жыл аяғын­да бітеді, деді Б.Асылова. Алай­­да депутат бұл жауапқа қа­на­ғат­танбай мемле­кеттік са­тып алу процесі бойынша туған дау­дан тұтастай бір ауылдың бала­лары мектепке бара алмай қал­ды, маған жауапты жазбаша, то­лық­тай беруіңізді өтінемін деді. 

Депутат Абай Тасболатов «Құры­­­л­ыс жұмыстарының орын­­­­­далу мерзімін кейінгі уа­қыт­­­­тарға ауыстыру мүмкін­дік­­тері бар дегеніңізді қалай түсіну­­ге болады, ол құрылыс-мон­­таж жұмыстары ма, әлде ақша қаражатының ауда­рылуы­­на қатысты ма? Осын­дай өз­герту­лер қандай құжат­тарға сүйеніп жасалады?», – деді депутат. Оған Б.Асылова Үкімет бекіт­кен бюджеттік бағдар­ламалар­ды жергі­лікті әкімдік­тердің өтініші бо­йын­ша министр өзгертетінін айт­ты. Алайда осының өзі дұ­рыс емес екенін, министрлік Үкімет бекіт­кен бағдарламаны айрық­ша жағ­дайда ғана өзгер­туге тиісті екенін атап өтті.

Басқа депутаттар да өздерін толғандырған сұрақтарын қарша боратты. Соның ішінде 18 млн ғана халқы бар Қазақстанда үш ауысымды мектептің әлі күнге толықтай жойылмай отыр­ғанына депутаттар қын­жылыс білдірді. Талқылау қоры­тын­дылары бойын­ша комиссия­ның ұсыныстары әзірленіп, ол шара қолдану үшін Үкіметке жолданатын болды. 

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар