Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2017

Назарбаев: Головкинге бәріміз жанкүйер боламыз

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы 17 қыркүйек күні өтетін Головкин мен Альварес жекпе-жегін тамашалайтын болады. Бұл жайында Мемлекет басшысы Ақордада өтіп жатқан отандық және шетелдік журналистермен кездесуі барысында айтты.

Назарбаев: Головкинге бәріміз жанкүйер боламыз

«Мұндай оқиғалар қазақстандықтардың басым бөлігін теледидар алдына жинайды. Бұл өте маңызды кездесу. Мексикалық Альварес - өте танымал адам, жоғары санаттағы боксшы», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы бұл кездесуде отандасымыз Геннадий Головкиннің жеңіске жететіндігіне үміт артатындығын баса айтты.

«Ол орта салмақта кәсіби бокстың короліне айналып, Мұхамед Әли мен Майк Тайсонмен бір қатарда тұрады деп сенемін. Бұл ол үшін өте маңызды. Оған үлкен табыстар тілейік. Осы уақытта көршілерімізге сапарлайтындығыма қарамастан көремін. Барлығымыз да оған жанкүйер боламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Ақордада отандық және шетелдік журналистерге сұхбат беруде. Шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев күні кеше аяқталған ЭКСПО-2017 көрмесінің басты жетістігін баса айтып, шығындалған қаржының орны толғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар