Парламент • 15 Қыркүйек, 2017

Жамбыл Ахметбеков. Тың мүмкіндіктерге жол ашады

383 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық коммунистер латын қарпінің қазақ тіліне оралуын қошаметпен қарсы алады.

Жамбыл Ахметбеков. Тың мүмкіндіктерге жол ашады

Біздің жаһандану мен ақпараттық технологиялар жедел дамып жатқан ғасырымызда тілді жаңғырту мәселесі еліміздің бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялар деңгейі, мемле­кет­тің инвес­тицияларға тартымдылығы мен ашық­тығы, адам капиталының дамуы сияқты стратегиялық мәселе­лермен тікелей байланысты.

Біздің ойымызша, латын қарпіне көшу арқылы мемлекетіміз әлемнің көптеген елдеріне ашығырақ және жақынырақ болады, өйткені қазіргі заманда мемлекеттердің 75%-дан астамы латын графикасын қолданады.

Қазіргі таңда әлемде 6 түркі мемлекеті бар. Қазақстан латын қарпін қолданатын бесінші мемлекет болады. Қазақстанның Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан мен Түрікменстан сияқты Орталық Азия және Каспий теңізі аумағының мемлекеттерімен одан әрі жақындасуы мен қарым-қатынастарының күшеюі, бұл интеграция мен көршілес қарым-қатынастардың күшеюі болып табылады.

Менің ойымша, латын қарпіне көшудің бар­лық алғышарттары бар. Бізде 100% жаппай сауат­­­тылық, күнделікті өмірде ұялы телефонды, интер­нетті қолдану барысында әрбір қазақстандық дерлік іс жүзінде латынша жазады және оқиды. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарыққа шыққан бойда біз еліміздің аймақтарына сапар шегіп, өңір тұрғындарымен көптеген кездесулер өткізіп, қазақстандықтардың аталған бағдарламаға қызығушылық танытқандықтарын және бірінші кезек­те мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшу мәсе­лесіне қолдау білдіріп отырғандықтарын көрдік. 

Отандастарымыздың басым көпшілігі Елба­сына қолдау білдіруде және латын қарпіне көшу үрдісін қажет деп есептейді. Күні кеше ғана парламенттік тыңдауда жаңа қазақ әліпбиімен танысып, біз – коммунистер, партияластармен бірлесе оның басымдылықтары мен мүмкіндіктерін талқылап, ұсынылған латын қарпінің нұсқасын толық қолдау туралы шешімге келдік.

Жалпы, біз барлық күш-жігерімізбен қазақ тілінің латын қарпіне көшуін қолдап, оның іске асырылуын қамтамасыз етуіміз қажет. Әрине, бұл жерде ең негізгісі барлық қоғамды жұмылдыру болып табылады. Латын қарпіне көшу арқылы барлық тың мүмкіндіктерге қол жеткізетінімізді халыққа түсіндіруіміз керек. 

Сондықтан, мен Қазақстан коммунистері атынан барлық ел азаматтарын жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі талқылауларға белсенді қатысуға шақырамын. 


Парламент Мәжілісінің депутаты,
ҚКХП хатшысы

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51