Ұлттық спорт • 15 Қыркүйек, 2017

Павлодарда Тоғызқұмалақтан өткен флешмобқа 10 мың оқушы қатысты

812 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық білім беру басқармасының хабарына қарағанда  мектеп оқушылары арасында өткен бұл шара «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ұлттық код, біздің өткенімізді қалпына келтіру, тарихқа үңілу секілді ойлар  шеңберінде өткізіліпті. Тоғызқұмалақ – ата-бабадан қалған асыл мұра. 

Павлодарда Тоғызқұмалақтан өткен флешмобқа 10 мың оқушы қатысты

Асыл мұраны  ұрпаққа жеткізу –парыз. Флешмобқа  бүкіл  ауыл, аудан, қала мектептерінің оқушылары қатысты. Қазір өңірде  4600 оқушы қатысатын 316 тоғызқұмалақ ойынының секциялары жұмыс жасауда.

Жалпы, облыс тоғызқұмалақшылары еліміздің командалық чемпионатының 4 дүркін чемпионы болса, ел Кубогын 5 рет ұтып алғаны да белгілі. Тіпті, Ұлттық құрама сапында ойнайтындардың  басым көпшілігі - павлодарлық тоғызқұмалақшылар.  Флешмобқа қатысушы оқушылар Тоғызқұмалақ адамды сабырлыққа жетелейді, ақыл-ойды кеңейтеді. Ол болашақтың зияткерлік ойыны дейді. Облыс орталығындағы  №26 мектептің оқушысы, неміс қызы Анастасия Фоос, кадет корпусында білім алатын Мәди Бүгжанов, Абай атындағы №10 мектептің оқушысы Айым Кашкенова, №42 мектептің оқушысы Александр Рахманенко мықты тоғызқұмалақшы ойыншылар. Барлығы да Ел біріншілігінде облыс намысын  қорғайды.

Сондықтан,  осы ойыннан өткізілген  флешмоб ұлттық ойынды, спортты насихаттау және оқушыларды қызықтыру мақсатында ұйымдастырылса, жазғы демалыс күндері  оқушылар асық жинау шарасын өткізіпті. Алдағы уақытта оқушыларды асық ойнау бойынша семинар-жаттығулар өтеді. Тоғызқұмалақ ойынының флешмоб шарасына  Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп оқушылары да белсенді түрде қатысты. Өткен жылы шахмат кабинеті де ашылыпты.Мысалы Роза Райымбекова тоғызқұмалақтан  Қазақстан және Азия чемпионы. Мектептені тоғызқұмалақ үйірмесін Мақсұт Нұрахметов басқарады.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар