Кино • 15 Қыркүйек, 2017

Олжалы «Оралман»

300 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оқырман ойында болса, «Оралман» көркем фильмі жыл басында Иранда өткен XXXV Халықаралық Фаджр кинофестивалінде Бас жүлдені, сонымен қатар XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің де Бас жүлдесін жеңіп алған болатын. 

 

Олжалы «Оралман»

Режиссер Сәбит Құрманбековтің «Оралман» фильмінде басты рөлді сом­даған актер Дулыға Ақмолда 5-11 қыр­күйек аралығында Татарстанда өткен XIII Халықаралық мұсылмандар киносы фестивалінде «Үздік ер адам рөлі» жүл­десімен марапатталды.

Осылайша 15 қыркүйектен бастап елі­мізде прокатқа шығатын картинаның жо­лы болып тұр. Халықаралық кино­сыншылардан биік бағасын алып, кө­рермендерін тапты.

Аталмыш картина ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында сұрқия саясаттың салдарынан әлемнің әр шалғайына тарыдай шашырағын қандастарымыздың қасіреті мен тауқыметін, сағынышы мен аталар аманатын арқалайды.

– Толықметражды картиналарда сом­даған рөлдерім ішіндегі бұл менің ал­­ғашқы жеңісім, өте қуаныштымын. Бұл тек менің ғана табысым емес, режиссер Сәбит Құрманбековтың, оператор Марс Умаровтың, қоюшы суретші, ком­­позитордың, сонымен қатар барлық тү­сіру тобының еңбегі. Олардың бар­лығына алғысымды білдіре отырып, осы жеңіспен құттықтаймын, – деді ак­тер Дулыға Ақмолда.

Орайы келіп тұрғанда, фестивальдың «Үздік фильм» жүлдесін түрік режис­сері Мұстафа Қараның «Каландра ыз­ға­­ры» фильмі, ал «Үздік режиссер» жүл­­­­де­сін үнді режиссері Мангеш Джо­ши («Джоши жонушы» фильмі үшін) иеленгенін айта кетелік. Сонымен қатар Ресейдің екі картинасы – «Амун» фильмі «Үздік сценарий» жүлдесімен марапатталса, «Софичка» фильмінің операторы Айрат Ямилов үздік оператор атанды. Ал «Үздік әйел адам рөлі» жүлдесі «Әйел күні» фильмінің үш актрисасына бұйырды. 

Аталмыш халықаралық мұсыл­ман­дар киносы фестивалі – 2005 жылдан бе­рі Татарстанда өткізіліп келе жатқан Ре­сейдегі ірі кинофестивальдардың бірі.

Фестиваль  ұйым­­­дасты­рушылары­­ның айтуынша, бұл кинофорумның мақ­са­ты – мұсылман елдердің фильмдерін үлкен экранға шығарып, діни ғана емес, адами құндылықтарды да дәріптеу, ұлт­аралық диалог қалыптастыру болып та­былады.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ