Білім • 18 Қыркүйек, 2017

ҚазҰУ ректоры ISESCO сыйлығының иегері атанды

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ислам ынтымақтастығы Ұйымының «Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті барысында ISESCO бас директоры Абдулазиз Осман әл-Тувейджри әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің рек­торы Ғалымқайыр Мұтановқа ISESCO сыйлығын та­быс етті.

ҚазҰУ ректоры ISESCO сыйлығының иегері атанды

Абдулазиз Осман әл-Тувейджридің атап өтуінше, қа­зақстандық ғалым аталған мәртебелі наградаға ғылым жолындағы еңбегінің халықаралық деңгейде жо­ғары бағаланып, мойындалғаны және математикалық мод­ель­деу, техникалық әрі әлеуметтік-экономикалық жүйе­­лерді басқару саласындағы зор үлесі үшін мара­пат­­талған.

ISESCO сыйлығы Ислам ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттердің ғалымдарына биология, химия, геология, математика, физика және ғылыми технология салаларына қосқан айрықша ғылыми-инновациялық үлестері үшін беріледі. Сыйлық сертификаттан, алтын медальдан және ақшалай сыйақыдан тұрады.

ISESCO-ны 1979 жылы Ислам Конференциясы Ұй­ы­мы құрған болатын. Оның құрамына 50-ден астам мем­ле­кет кіреді. Халықаралық ұйымның қызметі ислам әле­мі елдерінің ғылымын, білімі мен мәдениетін дамы­ту­ға жә­не оған жан-жақты қолдау көрсетуге бағыт­тал­ған.

«Егемен-ақпарат»