Медицина • 18 Қыркүйек, 2017

Мәсіх ғибадатханасы ашылды

249 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан – көп ұлтты, зайырлы мемлекет. Ұлы Дала жерін жүзден астам ұлт пен ұлыс, түрлі дін өкілдері мекендейді. Тиісінше, әрқайсысының құқығы тең дәрежеде сақталған. Кеше Астана қаласында Евангелия-Лютеран шіркеуінің «Мәсіх» ғибадатханасы ресми түрде ашылды.

Мәсіх ғибадатханасы ашылды

Салтанатты іс-шараға Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Ватикан, Германия секілді бірқатар мемлекеттердің ел­ші­­лері, Қазақстандағы лютеран қауымдастығының пас-торлары, диакондары мен мү­шелері, сондай-ақ елімізге белгілі өзге де адамдар қатыс­ты.

Ашылу рәсімінде сөз алған Дін істері және азаматтық қоғам министрі «Мәсіх» шіркеуінің елімізге рухани сәуле шашып қана қоймай, жақсы дәстүрлердің көбеюіне ықпал ететіндігіне сенім біл­дірді. Сонымен қатар, ол мұн­дай ғибадатхананың ашылуы Қазақстан халқының татулығы мен ауызбіршілігінің келісті бір көрінісі екенін айтты. 

– Жаңа Евангелия-Лю­теран шіркеуінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл ғимарат протестанттық шір­кеу өкіл­де­рінің өмірінде ерекше күн болып есептелетін Реформацияның 500 жылдығы қарсаңында ашылып отыр. Ал Реформация Еуропаның да­муы­на үлкен септігін ти­гізді. Сондықтан жаңа ғиба­дат­ханада жасампаздық пен еліміздің дамуына бағыт­тал­ған уағыздар жиі айтылады деп үміттенемін, – деді Нұрлан Ермекбаев.

Лютерандарды құттықтау үшін өзге де шіркеулердің өкіл­дері қатысты. Олардың арасында Православие шір­кеуінің Астана епархиясының вакарийі, Талдықорған епископы Нектарий жылы лебіз­дерін білдіріп жатты.

Айта кетейік, Евангелия-Лю­теран шіркеуін салуға бай­ланысты 2014 жылы арнайы жер телімі бөлінді. Жобаның бас сәулетшісі – Рим­ма Слободская. Кешен екі ғимараттан тұрады. Ғиба­датхана ішінде бір мезетте 120 адам құлшылық ете алады. Шіркеудің жертөлесінде жас­тардың білім алуы үшін барлық жағдай қарас­ты­рылған.

Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»