Парламент • 19 Қыркүйек, 2017

«Қорғастағы» көшпелі отырыс

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының биылғы жылға арналған Негізгі шаралар жоспарына сәйкес, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіз­дік комитетінің мүшелері Алматы қа­ласы мен Алматы облысында мем­лекеттік шекараны қорғау мәсе­ле­лері бойынша көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

 

«Қорғастағы» көшпелі отырыс

Көшпелі отырыс аясында де­путат­тар «Қорғас» халықаралық ше­­каралық ынтымақтастық орталы­ғын­да болып, Қазақстан және Қытай бөлігінің жұмысымен танысты. Сенаторларға орта­лық­тың жекелеген жобалары жөнінде айтылып, сондай-ақ орта­лық аумағында іске асырылған инвес­тициялық жобалар туралы хабардар етілді.

Сондай-ақ, комитет мүшелері сапар барысында «Шығыс» аймақтық басқармасының «Қорғас» шекара заставасында және Жаркент шекара отрядында да болды. Депутат­тар техникалық жабдықталу жә­не жауынгерлік кезекшілікті ұйым­дас­ты­ру барысымен, сондай-ақ жеке құ­ра­мның тұрмыс жағдайымен жа­қыннан танысты.

Бөлімше басшысы Р.Рамазанов депутаттарға отрядтың күнделікті жауынгерлік қызметі мен жауапты бөліктің қазіргі жағдайы туралы кеңінен баяндады.