Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2017

Бесқарағайда Нұрлыбек Баймұратовтың 130 жылдығына орай айтыс өтеді

583 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-23 қыркүйек күндері Бесқарағай ауданында осы өңірдің тумасы, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, халық арасына кең тараған «Ер Төлеген», «Қанды жорық» дастандарының авторы, белгілі айтыскер ақын, кезінде Иса Байзақов, Нартай Бекежанов, Төлеу Көбдіков сынды дүлдүлдермен сөз қағыстырған Нұрлыбек Баймұратовтың 130 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтеді. 

Бесқарағайда Нұрлыбек Баймұратовтың 130 жылдығына орай айтыс өтеді

Екі күнге созылатын мерейтойлық шаралар 22 қыркүйек күні Бесқарағай ауылында ақындар айтысынан басталады.

«Ақын мерейтойына арналған негізгі шаралар 23 қыркүйек күні өтеді. Бұл күні Қарағайлы ауылында айтыскердің кеуде мүсіні ашылып, «Өз дәуірінің үні болған ақын» атты ғылыми-тәжірибелік конференция, қолөнер шеберлерінің көрмесі, ат жарысы, өзге де спорттық-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар «Нұрлыбек Баймұратов» атты деректі фильмнің көрсетілімі болады», - дейді Бесқарағай аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әсемгүл Қалтаева.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы