Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017

Бізді біріктіре түседі

368 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлеуметтік-экономикалық һәм тех­но­ло­гиялық тұрғыдан толыққанды дамы­ған мемлекет қазіргі заман талабы екендігі белгілі. Осы ретте Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев­тың қолдауымен біршама ірі бағ­­дар­ламалар қолға алынып, жүзеге асы­рылу жолында тұр. Президент Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Қазақ тілінің ла­тын әліп­биіне өтуі бізді біріктіре түседі» дейді. 

Бізді біріктіре түседі

Қазіргі озық технологиялар заманында латын әліпбиі қазақстандықтардың рухани жаңғыруы мен жас буынның жаңа сатыға көтерілуіне жол ашады. Сонымен қатар қазіргі қазақ тіліндегі жат дыбыстар тудыратын әріптер қысқартылып, тіл тазалығы мәселесі шешіледі. Латын әліпбиіне көшу – тілімізді халықаралық дәрежеге көтерудің бірден-бір жолы. Президент өз Жолдауында Қазақ елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-ағартушылық дамуын, халықаралық кеңістіктегі орнын жан-жақты бағамдап, ішкі және сыртқы жағдайды толық ескеріп, әліпбиді қашан, қандай жолдармен ауыстыру керектігіне байланысты шешім шығарды. Арнайы бағдарлама бекітіліп, қаржылық қолдаулар да көрсетіліп жатыр. Осының барлығы Қазақстанның болашағы үшін атқарылып жатқан үлкен шаралар болып табылады. 

Осы ретте «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демек­ші, әр қазақстандық өз тара­пынан латын әліп­биіне көшу бағы­тына қолдау көрсетсе, еліміздің әлем­­дегі озық отыз мемлекет қатарына қосы­лу күні алыс болмайды. Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақ­стан-2050» Стратегия­сында Қазақ­стандағы қазақтар ғана емес, тұтас ха­лық­тың 95 пайызы 2025 жылы мемле­кеттік тіл­ді игереді деп болжады. Яғни осы мерзім ара­лығында тұтас халық болып, латын әліпбиінің ел сана­сына сіңісуіне жол ашылған. Бұл да Елбасымыздың аса көреген саясатының бірі деуге болады. 

Осы орайда Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Елбасымыздың аталмыш бастамасын толыққанды қолдай отырып, еліміздің рухани жаңғыруы және дамуы жолында еңбек етуге да­йын. Себебі кәсіподақтар ұжымы сананы жаңғырту мәселесіне өте көп көңіл бөледі. Әсіресе жастар арасында ғылым мен білім бәсекелестігіне жол аша отырып, кәсіби деңгейде дамуына баса назар бөлінген. Яғни Кәсіподақтар федерациясы әр кәсіподақ мүшесінің латын әліпбиіне көшу бағдарламасына қатысты толыққанды ақпараттандырылуы аясында жұмыстар жүргізеді. 

Қазақстан Республикасы 
Кәсіподақтар федерациясы