Дүрия жамылған Көлсай

Бұлың-бұлың жол, кібіртік жүрістен титықтап болдым дегенде, алдыңнан осы көрініс шығып тұрсашы! 

Егемен Қазақстан
21.09.2017 66304
2

Бұлт таудың етегіне дейін түсіп кетіпті. Жаңа жауып басылған жаңбырмен бірге жер бауырлап алыстап барады. Таулы жерге жиі түсетін тұманның кәдімгі бұлт екенін де кейін біліп жүрміз ғой. Тұманның сыртынан қарап кім көрген. Шынында, қызық көрініс. Таудың басы ашық, ал әлгі бұлт жүн түткендей созыла түсіп ортан белде жатыр. Баяу ғана сөгіліп барады.

...Шлагбаумға тұмсық тірей тоқтағанда күзетшіден «Көлсай әлі алыс па?» деп сұрадық. Сөйтсек, «Көлсай міне тұр» екен. Қара басып дәл иегіміздің астында жатқан көлді көрмеппіз.

Тиіп тұрғанына қарамастан, Көлсай – көп жылғы аңсарымыз болыпты. Жұрттан естисің, ақ­па­раттан оқисың. Көлсаймен та­нысу – Шер­ханның «Қызыл жебесінен» басталды ғой деймін. Саймасай болыс осы Көлсайдан қайтқан сапарында оққа ұшатын. «Дүниенің дүрия жамылған жән­наты» деп тамсанатын жазушы сонда.

Енді міне, көлдің төбесінен қарап тұрмыз...

Көл десе, алдымен, шағаласы шарқ ұрып, тіршілігі қайнап жататын көрініс елестейтін. Ал мұнда бәрі өзгеше. Көл де, су да, тіршілік те тым-тырыс. Тіпті алыстан көз сал­­ғанда көлдің көзесіндегі су емес, қара-көк мұз сияқты. Немесе аспанның бір бөлшегі үзіліп түсіп, сай кемеріне толып қалғандай... Жа­ғаны соққан толқын жоқ. Орта тұсы қарайып көрінеді де, жағаға жақындаған сайын көл түсі көгілжім тартады. Судың көгеріп көрінуі – аспанмен шағылысуынан десетін, ал мұндағы түс одан басқа. Көк-жасыл. Көгілдір аспан мен жап-жасыл дүниенің жарасымды қосындысы. 
Біз түнделетіп, таң қараңғысы сейіле жеткенбіз. Әжептәуір жарық түскенмен, күн таудан әлі аса ал­май жатқан. Соның өзінде көк­пеңбек. Тамсаныса қарап қойып отырмыз. Күн шыққанмен, су беті бәз-баяғы қалпынан айнымайды. Арқан бойы көтерілген соң ғана күн мен көл шағылыса бастайды. Күн­нің тіміскі сәулелері қырат-қырат, қолат-қолатты түк қоймай ара­лап жүргенмен, көлге келгенде жуасып сала береді. Көл беті тынық болғасын шығар, сәулесі шашылып қалмай, құйылып түседі. Тереңдігі 75 метрден асатын көл күннің өзін жұтып қойғандай. Өзге дүние бір бөлек қалып, тек көл ғана назарыңды аудара береді. О баста әлгі тыныштық таңғы тыныштық деп ойлағанбыз. Күнмен бірге тір­шілік жанданып сала беретін шығар дегенбіз. Сөйтсек, бұл тыныш­тық Көлсайдың мәңгі ты­ныштығы екен. Ешқашан шамыр­қанбайды, тасымайды, туламайды, толқын атпайды. Табиғаттың өзі таулардан қорған соғып берген, өзге жерде дауыл болып жатса, бұл жақта асса самал еседі. Тау алып уысына қысқан бір шөкім лағыл жер қозғалса қозғалмайтындай...

Жер қозғалса демекші, Көл­сайдың өзі де жер сілкінісінен пайда болған дейді. Таулардың өзі әлгі бір жер бетін топан қаптаған Нұх пайғамбардың кезінде түзіліпті дейді ғой. Сірә, Жер-ана осындай кереметтерді дүниеге әкелерде тол­­ғағы қатты келіп, дөңбекшіп кететін болар. Көлсай дүниеге келерде орасан жер сілкінісі болып, тау құлапты дейді. Төмен қарай еркін құлдап келе жатқан өзеннің жолын бір емес, үш жерден бөгеп қалыпты. Біз қарап отырған Көлсай соның үшіншісі – Төменгі Көлсай атайды жұрт. Ең тереңі де осы. Теңіз деңгейінен 1818 метр биіктікте жатыр. Суы тұщы, еш­қашан жылымайды. Уыстай көсіп алып ұрттасаң көлдің емес, бұлақтың суын ішкендей шекең зыңылдап, тісің сырқырайды. Және қанша ішсең де іше бергің келеді. 

Көлсайдың қақпасында отыр­ған ауылды Саты атайды. Бұрын онша мән бермейтінбіз, көлге қарап, қарадай елжіреп тұрғанда бір ой келді: Саты – Көлсайға шы­ғарар са­ты екен. Енді бір аттасаң кереметке құлап түсесің деген сөз (ашқан «жаңалығымыз» үшін кешірім сұрай­мыз). Сол Сатыда не көп, ат көп. Таң азанмен бірін мініп, екін­шісін жетегіне алып, бірнеше жігіт Көлсайды бетке алады. Жаз тоқ­сандағы кәсібі – Төменгі Көлсай мен Ортаңғы Көлсайдың арасына адам тасиды. Бір жақ жолы 5,5 километрді құрайтын жол – атқа да, адамға да оңай тимейді. Алғашында бағасы (8 мың теңге) қымбаттау көрінген, өзіміз жолды көрген соң түсіндік, аттың теріне татиды-ақ екен. Қаптал жол өрлеген сайын қиындай береді. Тік қиялардан, бұғып үлгермесең алқымыңнан алып, аттан аударып түсірер қалың жынысты ағаштың арасындағы тап-тар жалғыз аяқ соқпақтардан өтіп болғанша аз шар­шамайсың. Қиыршық тасты, батпақты (біз барған күні жаңбыр жауып, сел жүрген) жолда тағасыз ат жүре алмайды. Егер, кісісі табылса, қос атын да (кейбіреуінде үш аттан) мінгізіп жіберіп, өзі соңынан жаяу аяңдайтын атшы жігіттер екі араға бір күнде бір реттен артық қаты­­намайды. Түсінікті жағдай, «жануарға обал ғой».

Көлсай жайлы жарытып еш­теңе айтпайды. Бір қызығы, Қызыл кітапқа енген қар барысы жайлы айтқанда танаулары делиіп кетеді. Мақтанса мақтанғандай-ақ, Көлсайда қар барысы бар! 2014 жылғы соңғы дерек бойынша Көлсайдың айналасында 7 барыс бар деген. Ал жалпы ай­мақта 20-ға жуық болу керек деген болжам айтылады. Өз басымыз көзбен көрдім деген адамды кезіктірмедік. Бәрінің білетіні, әлгі бәріміз хабардар таспаға тү­сіп қалған барыстар төңірегінде ғана. Бірақ мақтаныштары жарасымды. «Көлсайдың кереметтігі былай да белгілі ғой, бұл жерде «еще» қар барысы бар». Ал аю бар екенін «өзіміз ғой» дегендей қылып, елеусіз айтады. Қасқыр, түлкі, қарсақ жайын сұрасаң, «тәйірі, қасқыр, түлкісіз жер бола ма?!» дегендей тыжырына қа­райды. «Сұрағыңа болайын» деген сияқты. Түркістан сілеусіні жайлы онша айтпайды, оны тек сол жерді қарайтын инспекторлардан сұрап білдік. Бірақ олар да көрдік, қойдық деп ештеңе айтқан жоқ. Бір қызығы, Көлсайда өсетін өсімдік пен кездесетін жануарлардың бәрі Қызыл кітапқа енгендей. Қайсысын сұрасаң да, қайсысын індетсең де алдыңнан Қызыл кітап шығады да тұрады. Қысқасы, құмырысқасына дейін қызыл кітапта тұрған Көлсайға бара қалсаңыз, қиядан құлап кетпеу үшін ғана емес, жәндігін басып кетпеу үшін де абайлап басуға тура келеді.

Негізі шомылуға болмайды. Бірақ тыйымды қаперіне алып жүр­ген ешкім жоқ сияқты. Жағалау­дан ұзамай бір сүңгіп алып, жағаға қаш­қандай болып, дірдектей шығып келе жатқан демалушыларды көптеп көруге болады. Біздіңше, шомылуға тыйым салудың қажеті жоқ сияқты. Осы уаққа дейін жа­манатты оқиға тіркелмепті. Олай болатыны, мұздай суға ұзақ шо­мылуға онсыз да ешкім шыдамайды, тым терең жағына өздері де бара қоймайды.
Ал патша балықты аулауға болады. Бір қармаққа арнайы бекі­тілген баға бар, соны төлеп, рұқсат қағазын алыңыз да күні бойы аула­й беріңіз. Бұл жағынан ешкім қолыңыздан қақпайды. Бірақ балық ұстай алатыныңызға ешкім кепілдік бермейді. Жолыңыз болса бірді-екілі қармағыңыз майлануы мүмкін, басқа уақыттың бәрінде суға құр телмірумен күніңіз өтеді. Себебі, патша балық тоқ.

– Өзі патша болса, біреудің жемтігіне көзін сатар не жөні бар, – деп күлді біздің бір әріптес. Рас, қармағыңыздың айналасында, аяғы­ңыздың астында шоршып, келеке қылғандай жүзіп жүреді де қояды. Сіздің шегірткеңіз күн ұзаққа суда тұрып, әбден ақжемі шығады. Патша балықтың қармақ қаппайтыны – көлдің тереңінде осы тұрысында 50 жылға жететін азық бар дейді. Азығыңыз – кәдімгі ақ құрт (инспектор дәл солай айтты). Қарағайдан түсетін көрінеді. Негізінен, ұсақ-түйек шабақтары болмаса, дөйлері беріге көтеріле қоймайды екен. Қысқа қарай көл бетін 40 сантиметрге жуық мұз жап­қанда, ауа жұту үшін ғана көте­рілетін көрінеді. Міне, балық аулау маусымы осы кез.

...Үш көлді бір өзі толтырып жатқан Көлсай өзенінің оң жаға­лауы­мен жоғары өрлеп келе жатырмыз. Әр километр сайын тыныс­тап отыруға арналған орындықтар қойылыпты. Қандай биіктікте тұрғаның, қанша километр жүр­генің, енді қанша жүретінің, келесі аялдау орны қанша метрден кейін екені жазылған тақталар қойылған. Осы төңіректе бір қызық көзқарасқа тап болдық. Инфрақұрылым керек емес дейді. Адам көп келсе, табиғи көркі бұзылады. Аңның бәрі ауып кетеді, өсімдіктер аяққа тапталып, жойыл­ып кетеді-міс. Бұл Көлсай десе «Қазақстанның жеті кереметінің бірі ғой ол», деп астамси қалатын жер­гілікті елдің шығарып алып жүргені болар деп жорамалдадық. Бәрін арнайы жоспармен, ұқыпты түрде, заң шеңберінде жасаса, неге болмасқа? Ең бастысы, көлдің айналасына үй салынып кетпесе болды. Көлсайға жете берер жердің көбі иен жатыр. Сол жерлердің бәрінде тіршілік қайнап жатса, несі айып? Біздің ойымызша, бұл мәселе алдағы уақытта қалай да алдан шығады. Олай болатыны, соңғы төрт жылдағы көрсеткіш бойынша келушілердің саны екі есеге артқан. Және соның көпшілігі шетелдіктер. Бір күннің ішінде ағылшын, француз, үнді, поляк, орыс, қытай, жапон елдерінің өкілдерін көрдік. 

Сөйткен Көлсайға келушілердің саны былтыр 22 мыңнан асып жы­ғылыпты. Биылғы жоспардың нақ­ты есебі демалыс маусымы аяқ­талған соң белгілі болады. Бірақ бізді күтіп алған қорықшылардың айтуынша, көз мөлшермен айт­қанның өзінде биылғы демалушылар былтырғыдан әлдеқайда көп дейді.

Ортаңғы көлде көп ешкім бола қоймайтын шығар дегенбіз. Қате­лесіппіз. Елу-алпыс қаралы адам жай­лап жатыр. Шатыр тігілген, қазан асылған. Қазанның айналасында көбіне жігіттер ғана жүргендей. Әдетте мұндай ор­та дуылдап жататын. Ондай жоқ. Кейін қанықсақ, бұл лагерь болып шықты. Есірткіге тәуел­ді болғандарды осында әкеліп, ем­дейді екен. Жылына жаз­ғы маусымда үш мәрте «жаңа құ­рам­мен» келеді. Осы келісінде қырық адам өз еркімен өмірге оралуға тырысып жатыр. Ең алдымен мынадай табиғат аясында адамның сөніп қалған үміті, өшіп қалған сезімі қайта тұтанады. Таң ертемен ұйқыдан оянғанда қаладағыдай екі иығыңнан басып тұратын ауырлықтың жоқ екенін сезесің. Және кеш жатқаныңа қарамай сергек оянасың. Емдеу-сауықтыруға көл осы қасиеті үшін де таңдалғаны анық. Алғаш келгенде бес жарым шақырымға атқа өңгергендей қылып алып шығады екен. Бір ай бойы өз асын өзіне дайындатып, емдеудің түрлі сатыларынан өткізген соң, қайтар жолда жаяу түсіреді. Көргендердің айтуынша, талайы соңғы күшін сарқып әрең жетеді. Келе етпеттей құлайды дейді. Содан б­іраз уақытқа дейін қимылсыз жа­тады. Солардың көбі-ақ кәдімгі өмірге оралып, адам болып кететін көрінеді. Келер жылы тағы келіп тұратындар да жоқ емес.
Расында, Көлсайды көрсең өмір сүргің келеді. 
* * *
«Көлсайдың жолы жасалса» дегенді ес кіргелі естіп келе жатқан шығармыз. Енді бүгін қарасақ... Тіршілік жүріп жатыр. Көлсайға барар жол алдағы жылы толықтай аяқталады. Онымен қоса салынатын инфрақұрылымдар да кезең-кезеңімен іске аса жатар. Әйтеуір, көл қараусыз, қорық іздеусіз емес. 
...Әлгі «Қызыл жебеде» шалға тиген бақытсыз Нүкетай әке-шеше­сімен, ел-жұртымен қоштасып үлгере алмай, суыт аттанып, көңіл­сіз ұзатылатын. Жазушы сонда жас сұлуды қатал әке-шешемен емес Көлсаймен қоштастыратын:
«– Қош, көріктім Көлсай, – дейді Нүкетай. – Енді сендей көл көре алмаспын».
Бар наласын бір ауыз сөзге сыйдырып, тұншыға жылап кетіп бара жатқан ару келеді көз алдыңа.
Көлсаймен қоштасарда көңілді беймәлім бір мұң билейтіні несі екен...

Алмас НҮСІП,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу