Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017

Астана әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандайды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандайды, деп хабарлайды "Астана LRT" баспасөз қызметі

Астана әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандайды

"Халықаралық әуежайдағы қысқа мерзімді P-1 тұрағының тарифтеріне талдау жүргізе отырып, компания басшылығы мен әуежайдағылардың тарифті өзгертіп, бағаны төмендету туралы шешім қабылдағандарын хабарлағымыз келеді", - делінген компанияның Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астана әуежайында автотұраққа бір тәулікке қойылған көлік үшін 57 мың теңгенің төленгені жайлы айтылған болатын. Паркоматқа қаражат төлеу сәті түсірілген видеоны Instagram желісіне белгілі әнші Қайрат Баекенов жариялады. Кадрларға қарағанда, мұндай қыруар қаражатты көлікті бір тәулік және он сағатқа қойылған көлік үшін төлеу қажет болған.