Парламент • 22 Қыркүйек, 2017

Сербиямен қатынас құжаты қаралды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Сербияның құқықтық мәселелер жөніндегі 2016 жылғы 24 тамызда Белградта жасалған шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. 

 

Сербиямен қатынас құжаты қаралды

Сенаторлар Қазақстан мен Сербия арасындағы қылмыстық істер бо­йынша құқықтық көмек көрсету туралы екіжақты шартты ратификациялау туралы мәселені талқылады. Құжат екі мемлекет арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмекті іске асырудың ұйымдастыру-құқықтық тетіктерін егжей-тегейлі реттейді. Иммунитет, банк есеп-шоттары мен қаржы-қаражат ақпаратын айқындау, заттар мен құжаттарды қайтару, ақпараттарды, шығыстарды ерікті түрде беру, сотталғандығы туралы ақпарат алмасу, құжаттар мен материалдарды заңдастырудан босату мәселелеріне жекелеген ережелер арналып отыр.

Қарауға ұсынылған Қазақстан мен Сербия арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шарт қылмыстық іздес­тіруден жасырынып жүрген, сон­дай-ақ жазадан жалтарып жүрген адам­­дарды ұстап беру мәселелері бойынша екі елдің құзыретті органдары ара­сын­дағы ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін реттейді.

Комитет отырысында, сондай-ақ сотталған адамдарды беру туралы екі­­жақты шарт та ұсынылды. Құжат соттал­ған адамдарды оңалтуға және әлеу­мет­тік ортаға қайта оралуға жәрдемдесу мақ­­сатын­да оларды беру саласындағы ынты­мақ­тастықты орнатуға, сондай-ақ, сот­тал­ған адамдарға өзінің елінде жазасын өтеуге мүмкіндік жасауға бағытталған.

Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар