Кино • 22 Қыркүйек, 2017

Армениядағы қазақ киносының апталығы

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Ереванда қазақ киносының апталығы өтуде. Апталық Ермек Тұрсынов түсірген «Шал» фильмімен ашылды. Фильмді армян көрермендеріне бас кейіпкер Ерболат Тоғызақов таныстырды – деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі. 

 

Армениядағы қазақ киносының апталығы

Биыл Қазақстан мен Армения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға 25 жыл толды. Қазақ киносының апталығы осынау атаулы іс-шараға орай ұйымдастырылған. Жергілікті халық біздің режиссерлер түсірген басқа да фильмдерді «Мәскеу» кинотеатрынан тамашалап үлгерді. Айталық, режиссер Рүстем Әбдіраштің «Сталинге сыйлық» және «Бала­лық шағымның аспаны» атты фильмдерін қыркүйектің 19-ы, 20-сы күндері көрген болса, режиссерлер Сергей Бодров, Талғат Теменов және Иван Пас­сердің «Көшпенділер» фильмін  бүгін кеште тамашалайды. Ал ертең Эльдар Уразбаевтың «Транс­сібір экспресі» көркем фильмімен апталық өз мәресіне жетпек.

Айта кетейік, аталған іс-шара арқылы кинемато­графия сала­сындағы екі ел арасындағы қарым-қа­тынастарды нығай­ту, сондай-ақ армян көрер­мен­дерін қазіргі қазақ киносы­мен таныстыру мақсат етіл­ген. Қазақ киносының апта­лығына Арменияның зиялы қауым өкілдері, Кинематографис­тер одағының мүшелері, Мә­дениет министрлігі, басқа да мемлекеттік ұйымдар мен ве­дом­стволық ұйымдардың, дип­­ломатиялық корпустың өкіл­­дері қатысуда.

«Егемен-ақпарат»