Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2017

Латын қарпінде мақала жариялады

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының латын әліпбиіне көшу бастамасына еліміздегі басылымдар ішінде алғаш­қылардың қатарында Алаш­тың рухани астанасы саналатын Семей қаласында жарық көретін «Семей таңы» газеті үн қосты. Басылымның 19 қыркүйек күнгі нөмірінде «SEMEJ TANGY» GAZETI UESHIN  LATYN AELIPBIІ ZHAT EMES» атты мақала жарияланды. 

 

Латын қарпінде мақала жариялады

Ғасырға жуық тарихы бар газет «Сарыарқа», «Қазақ тілі» атауларымен шыққан кезде төте жазуын, кейін «Жаңа ауыл», «Қызыл дала», «Социалды Шығыс» атауларымен басылған шақтарда латын қарпін пайдаланғаны белгілі. «Мемлекет басшысының ұсынысын қолдай отырып, газетімізде латын қар­пінде мақала жариялауды жөн көрдік. Еліміздегі тұңғыш қазақ тілді басылым – кешегі «Сары­арқа», бүгінгі «Семей таңы» газеті үшін бұл бастама жат емес. Латын əліпбиіне көшуден жүрексініп жүрген ағайынға айтарымыз, бұл мақаланы дайындауға менің бір сағаттай ғана уақытым кетті», дейді аталған мақаланың авторы, басылымның бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Риза Молдашева.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар