Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2017

Ақмола облысында тікұшақ апатқа ұшырады

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ми-2 тікұшағының авиациялық оқиғасы бойынша ақпарат. 2017 жылдың 22 қыркүйегі күні Астана уақыты бойынша 0 сағат 40 минутта Ақмола облысына қарасты Ақкөл елдімекенінің батыс жағындағы 6 шақырым жерде авиациялық оқиға болды. Адам шығыны жоқ. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысында тікұшақ апатқа ұшырады

Малоалександровка елді мекені аумағынан Ақкөл елдімекеніне ұшуды орындап, қонуға ыңғайланған кезде жер қыртысына соғылған тікұшақта от тұтанып, толық жанып кеткен. Қалпына келтіруге жарамайды. 

Оқыс оқиға кезінде бортта болған КВС В.В. Маньков мен бақылаушы ұшқыш Д.Е. Байбусинов зардап шеккен жоқ. Авиатехник Г.А. Балуевты күйік шалған. Ол қазіргі уақытта Ақкөл елді мекенінің ауруханасында жатыр. 

КВС Маньков Владимир Владимирович тіркеу нөмірі «UP MI 212» Ми-2 тікұшағымен және Ақмола авиатобының күшімен Қазақстан Республикасы Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында орманавиациялық жұмыстарды орындаған.

Анықтама. «Тянь-Шань» ұшу орталығы Авиациялық компаниясы ЖШС 1995 жылы құрылған. Авиациялық нарықта авиациялық жұмыстарды, соның ішінде ҚР аумағындағы орманавиациялық жұмыстарды орындауға мандандырылған. 

Соңғы 14 жылда авиакомпанияда оқыс оқиғалар тіркелмеген. ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті 2017 жылдың 2 наурызында авиациялық жұмыстарды орындаудың № KAZ-02/038 куәлігін берген.