Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2017

Бесқарағайда айтыс басталды

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бесқарағайда белгілі айтыскер ақын Нұрлыбек Баймұратовтың 130 жылдығына орай ақындар айтысы басталды.

Бесқарағайда айтыс басталды

Фото: Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

Сөз додасына Əсем Ережеқызы, Фархат Маратұлы, Саягүл Бірлесбекқызы, Қазыбек Байжұманов, Нұржан Жолбарыс, Аяулым Жұмабекқызы, Нұрлан Бақтыбаев, Əлішер Қыдырбекұлы, Манарбек Сатыпалды, Ерасыл Сəрсенбаев сынды ақындар қатысып жатыр.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Рахметуллин Нұрлыбек ақынның құрметіне орай ұйымдастырылатын екі күнге созылатын шаралар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп жатқанын айтты.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы