Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2017

Мырзахметов агрохаб жұмысымен танысты

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары А.Мырзахметов Қазақ Ұлттық аграрлық университеті базасындағы Агротехнологиялық хаб жұмысымен танысты. Агрохаб агроғылым, білім және өндірістің өзара әрекет алаңы ретінде 2016 жылы құрылған болатын. 

Мырзахметов агрохаб жұмысымен танысты

Агрохабтың құрамына Қазақ-Жапон инновациялық орталығы, Су, Агроинженерлік мәселелер және энергия үнемдеу, Қазақ-Корей, Тұрақты егін шаруашылығы, Азық-түлік  технологиясы және сапа орталықтары, Инновациялық жылыжай, «Агроуниверситет» оқу-тәжірибе шаруашылығы, Қазақстан-Беларус агроинженерлік инновациялық орталығы кіреді.  

Хаб университеттің діңгегі бола отырып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі көмегімен қысқа мерзім аралығында  агробизнеске инновациялық идеялар мен технологияларды, стартап-жобаларды тартады. Сол арқылы жалпы республиканың ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болады. 

«Бүгінгі күнгі табысты жұмысымыздың бірі Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі  АӨК саласындағы  Агрохаб  болып табылады. Трансфертті технологиялар жобаларын дамыту АӨК үшін маңызды. Көріп отырғанымыздай Агрохаб  мықты ұжым мен әдістемесі бар және американдық ақпарат және  технология орталығының басшыларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарып отыр» – деді Министр.
Сонымен қатар, А.Мырзахметов жұмыс сапары барысында Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілі басшысы Джиованни Капаннеллимен кездесті. Кездесу барысында  су ресурстарын басқару орталығын құру мәселелері талқыланды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі   ғылым мен өндірісті байланыстыра жұмыс істеуді қолға алғанын атап өткен жөн. Алдағы уақытта  Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің санын өсіру мен қатар, шаруаларға  аз шығын шығару арқылы  инновациялық технологияларды 10%-дан  25%-ға  көтеру көзделіп отыр.