Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2017

Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

435 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағандыда Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Беларусь Премьер-министрінің бірінші орынбасары Василий Матюшевский басқарған делегация қатысты, деп хабарлайды egemen.kz.

Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

Отырыс барысында сауда-саттық, инвестиция, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, ғылым мен технология, көлік және логистика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. 

А.Мамин Қазақстан мен Беларусь арасындағы мемлекетаралық байланыстың барлық деңгейі сәтті жүзеге асып жатқандығын, екі елдің посткеңестік кеңістікте, ең алдымен, Евразиялық экономикалық одаққа бірігуін тілге тиек етті. Тараптар 2017 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда-саттық айналымының қарқынын атап өтті. Биыл қаңтар-шілде айларындағы сауда-саттық айналымы былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда,  75,6%  өсіп, 313,7 млн АҚШ долларына жеткен.

А.Мамин «2020 жылы екі ел арасындағы сауда-саттық айналымын 1 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделіп отыр»,- деп айтып өтті. Ол Қазақстан мен Беларусь өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистикалық сектор, ғарыш саласы, агроөнеркәсіптік кешен, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық саладағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың үлкен мүмкіндіктеріне ие екендігін де басты назарда ұстады.

Мәжілісте тараптар серіктестіктегі келешегі бар бағыттарды, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, мелиорациялау және жерді суармалау сияқты жобаларды жасау үшін өзара жұмыс тобын құру мүмкіндігін қарастырды. Сондай-ақ, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Беларусь еліне, ал беларустық өнімдерді Қазақстанға жеткізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ осы жылдың қараша айында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Беларусь елінің Сауда-өнеркәсіптік палатасының арасында Қазақстандық-беларусьтік іскерлік кеңесті құру туралы келісімге қол қойылады деп жоспарлануда. 

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

 

ҚАРАҒАНДЫ
 

Соңғы жаңалықтар