Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2017

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Тек оңтүстікте,  солтүстік батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынды

Еліміздің кей жерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік батыста шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.  

Қызылордаоблысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с дейін, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Жамбыл облысында түнде кей жерлерінде тұман, желдің 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде найзағай болады, кей жерлерде шаңды дауылмен қатар желдің 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге жетеді, Атырау облысында екпіні 25 м/с болады. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде 1-6 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.