Жеңіл атлетика • 24 Қыркүйек, 2017

Autumn Classic International турнирінде Э.Тұрсынбаева қола алды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канаданың Торонто қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан Autumn Classic International турнирі  мәресіне жетті. Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева турнирде қола медальға ие болды. Бұл туралы Элизабеттің әкесі фейсбук парақшасына жазды.

Autumn Classic International турнирінде Э.Тұрсынбаева қола алды

Элизабет қысқа және негізгі бағдарлама қорытындысы бойынша 181 ұпай жинады. Алтын жүлдені канадалық Кэйтлин Осмоунд (217,55) алса, күмісті жапониялық Маи Миахара (199,02) еншіледі.

Халықаралық турнирге әлемнің 12 елінен 16 фигурист қатысып, өнер көрсетті. Сарапшылар аталған турнирде біріншілікке ұмтылғандардың ішінде алты үздік спортшыны атады. Олардың ішінде қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева да бар.

Ая Өміртай,

«Егемен Қазақстан»