Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2017

Астанада қалалық еңбек форумы өтті

333 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласының Кәсіподақ үйінің ғимаратында Еңбек күнін мерекелеуге арналған қалалық еңбек форумы өтті.


Астанада қалалық еңбек форумы өтті

Форум аясында «Еңбек жолы» қалалық конкурсының «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша жеңімпаздар және кәсіптері бойынша үздіктер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Онлайн-дауыс берудің және Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссия шешімінің қорытындылары бойынша «Еңбек жолы» конкурсының «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша 1 орынды Базарбаевтар әулеті иеленді. Теміржол транспорты саласына отбасының 15 мүшесі өз үлестерін қосқан. Әулеттің жалпы еңбек өтілі – 739 жыл.

2 орынды Носиевтер әулеті иеленді. Білім саласына өздерінің үлестерін отбасының 14 мүшесі қосып отыр. Әулеттің жалпы еңбек өтілі – 327 жыл.

3 орын Рақымжановтар әулетіне берілді. Әулеттің  басшысы Рақымжанов Абдула Төкнұлы «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК №3 учаскесінің техникалық қызмет көрсету орталығының шебері. Сонымен қатар аталған кәсіпорында жұбайы мен қызы да еңбек етеді. Әулеттің жалпы еңбек өтілі – 57 жыл.

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша 1 орынды «Астана-аймақтық электржелілік компаниясы» АҚ подстанция қызметінің 1 топтағы аға мастері Байсалдин Қастай Сәруарұлы,  2 орынды «№ 5 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК-ның бас дәрігерінің медициналық қызмет көрсетуді бақылау жөніндегі орынбасары Мұлдағалиева Гүлнар Шахманқызы және 3 орынды «Қазпочта» АҚ «Астаналық почтамт» Астаналық филиалының оқыту және дамыту жөніндегі бас маманы Кервенева Гүлмағиза Ережепқызы иеленді.

«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша 1 орынды «Қазахтелеком» АҚ «Астанателеком» филиалының өңірлік телекоммуникация дирекциясының жетекші маманы Жексембаев Саят Қабдрғалиұлы, 2 орынды «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК сынау зертханаларының қарапайым лаборанты Қалиев  Шернияздан Серікұлы және 3 орынды «Қазпочта» АҚ «Астаналық почтамт» Астаналық филиалының №4 сәлемдемелер супермаркетінің байланыс операторы  Даниарова Дина Асқарқызы иеленді.

Форумға атқарушы және өкілетті органдардың, кәсіподақ, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілердің, жұмысшылардың, БАҚ-ның өкілдері қатысты.