Әлем • 25 Қыркүйек, 2017

Ангела Маркель Бундестагқа қайта сайланды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Христиан-демократиялық одағының көшбасшысы (ХДО) Ангела Маркель өзінің 15 нөмірлі сайлау округі - Мекленбург-Алдыңғы Померания федеративтік жерінде сегізінші рет қатарынан жеңіске жетті.

Ангела Маркель Бундестагқа қайта сайланды

Федералды сайлау комиссиясы жариялаған мәліметтер бойынша ол 44% дауысқа ие болған. ХДО көшбасшы өз округінде 1990 жылдан бері жеңіске жетіп келеді.

Ангела Меркельдің қарсыласы Ляйф-Эрик Хольм 19,3% дауыс жинап, екінші орында тұр. 

Германиядағы Парламент сайлауы басқа елдерден өзгеше. Таяуда енгізілген жаңа жүйе бойынша электорат бір бюллетень арқылы екі дауыс беру құқығына ие. Әуелі жергілікті өкілді сайласа, екіншісі арқылы үкіметті жүргізетін партияға дауыс беріледі. Бірінші дауыс беру арқылы аймақтардан сайланған 299 үміткер Бундестаг депутаты атанады. Электораттың екінші дауысымен сайланған партияның үлесі арқылы Парламенттің қалған мүшелері анықталады. Мысалы, бір партияға халықтың 30 пайызы екінші дауысын берсе, онда сол партияның үкіметтегі орын саны 30 пайызға тең болуы тиіс. Сондықтан әр сайлауда Бундестаг мүшелерінің саны өзгеріп отырады. (Қазір Парламентте 631 депутат бар). Сайлау аяқталғаннан кейін бір айдың ішінде үкімет мүшелерінің жасырын дауыс беруі арқылы жаңа канцлер анықталып, Германия Президенті тағайындау жөнінде жарлық шығарады.