Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017

Астанада «Күн кросы» қайырымдылық жарысы өтті

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 қыркүйекте Астанада АҚШ елшілігінің қолдауымен «Күн әлемі» қоғамдық қоры және QSI халықаралық мектебі ұйымдастырған «Күн кросы» қайырымдылық жарысы өтті.

Астанада «Күн кросы» қайырымдылық жарысы өтті

2,5 км және 5 км жарысқа барлығы 150-ден астам адам қатысты. Бұдан басқа, арбасы бар жас аналар мен роликтері бар қатысушылар жылдамдыққа жарысты. 5 км қашықтықты еңсерген мүгедек арбасындағы марафоншы Аркадий Губаревтың нәтижесі ерекше аталып өтті.

5 км қашықтықтағы жеңімпаздар Манат Амет, Мұрат Аубакиров, Форд Джеремая, Үмида Бұрханова, Айнұр Маликова және Виктория Эльмаз болды.

2,5 км қашықтықтағы жүлдені Кристина Исламова, Люси Мечова және Анна Хочет еншіледі. Мектеп оқушылары арасында Дархан Исабаев, Грег Райтен, Лидия Таннер, Мередит Малш және Карэн Хазэлдар ерекшеленді.

Сонымен қатар, ең жас спортшылар, жеті жасар Хамза Талгабек пен Лайла Форд, жеке аталып, арнайы сыйлықтарымен марапатталды. 

Барлық жиналған қаражаттар ересек жастағы Даун синдромы бар балаларға арналған «Шығармашылық шеберлік» Қорының жаңа жобасына жұмсалады. 

Естеріңізге сала кетейік, «Күн әлемі» қоғамдық қоры 2015 жылы Даун синдромы бар балалардың ата-аналары мен дертке шалдыққан балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау, әлеуметтендіру және оңалту мақсатында құрылған ұйым. Қор қызметінің бірі әр маусымда тұрақты негізде «Күн кросы» қайырымдылық спорт іс-шарасын өткізу.