Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017

Жазаға кесілген 6 мың адамға электронды білезік тағылады - ҚР ІІМ

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жазаға кесілген 6 мың адамға электронды білезік тағылады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жазаға кесілген 6 мың адамға электронды білезік тағылады - ҚР ІІМ

«Пробациялық бақылауда тұрғандарға қатысты электронды мониторингті енгізу мен пайдалану шаралары ескерілген. Бұл тұрғыда «электронды білезіктерді» енгізу қарастырылған. Осы құрылғының көмегімен бақылауда жыл сайын 6 мың адам болады», деді министр бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру тақырыбындағы Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, жазаға тартылған адамдардың бекітілген режімді бұзуға бағытталған кез келген талпынысы жедел түрде қызметкерлер тарапынан айқындалатын болады.

«Министрлік даярлаған жоба қазіргі кезде мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Алдағы жылдан бастап мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жобаны жүзеге асыруға кіріспекпіз», деді Қасымов.

Соңғы жаңалықтар