«Құлагер» – Қызылжардың мақтанышы

Елімізде шайбалы хоккейдің дамуы өткен жылдардың 50-ші жылдарынан басталады. Осы кезеңде Петропавл қаласында «Металлист», «Авангард» командалары жасақталып, ел біріншіліктерінде өнер көрсетті. Топ жарып, жүлдегерлер қатарынан көрінбесе де, маңайына спортқа бейім жастарды топтастырып, шеберліктерін ұштауға, тәжірибе жинақтауға айтарлықтай ықпал етті. Олардың арасынан жасындай жарқылдағандары Ресейдің мұз айдындарында атой салды. Алайда, әртүрлі себептерге байланысты командалар тарап кеткеннен кейін хоккей десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер отыз жылға жуық спорттың осы түрінен көз жазып қалды. 

Тек 2015 жылы мамырда облыстың сол кездегі әкімі Ерік Сұлтановтың тікелей қолдауымен құрылған «Құлагер» хоккей командасы солтүстікқазақстандықтардың су сепкендей басылған үміт отын қайта тұтатқандай болды. Расында да сенім алдамапты. Айналасы екі жылдың ішінде биік белестерді бағындырды. Ол жайлы команданың бас бапкері Вячеслав БЕЛАН бізге әңгімелеп берді.

Егемен Қазақстан
26.09.2017 4789
2

– Командамыз жас болса да, «ә» дегеннен ел чемпионаты мен кубок жарыстарында жақ­сы қырынан танылды. Биыл құрамның тең жартысына жуығы жаңаланып, жастар­мен толықты. Мәселен, «Астана» хоккей клубынан 19 жас­тағы шабуылшы Әмір Әлібаев қабылданды. Команда намысын сайдың тасындай ірік­телген 28 хоккейші қорғай­тын болады. Ильгиз Нуриев, Дмитрий Исма­гилов, Денис Стасюк секілді тәжірибелі ойын­шыларға арқа сүйейміз. 

Қазақстан чемпионатының 2017-2018 жылғы маусымының салтанатты ашылу рәсімінде аймақ басшысы Құмар Ақсақалов екінші рет ел кубогының жеңімпазы атануымызбен құттықтап, жеңіске деген сенімімізді жігерлендірді. 

– Десек те, жанкүйерлер тек жеңіс күтіп, қанша қолдағанмен, көкейлерінде өкініш табы қалған сияқты.

– Кез келген жарысты кібір­тіктей, қобалжыған көңілмен бас­тау заңды құбылыс дер едім. Бұған дейін Рудныйдың «Гор­нягынан» 11 рет басым түске­німіз­бен, олар өзіндік ойын өрне­гі қалыптасқан команда саналады. Бірінші кездесуде 3:1 есебімен ұтқанымызбен, екінші кездесуде 1:2 есебімен есе жіберіп алдық. Бәлкім командалық ойын машығы, жекелеген шеберліктер жетіспеген болар. Оның үстіне команда капитаны, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ильгиз Нуриевтің ауыр жарақат алып, қарымта кездесуге қатыса алмауы матч тағдырына әсер еткен тәрізді. Алдағы уақытта тактикалық тұр­ғы­дан ойласатын мәселелер жоқ емес. 

– Ел біріншілігіне 2015 жылы тұңғыш рет қатысып, алғашқы ой­ынды елорданың «Номад» ко­мандасына қарсы өткіз­ген­деріңіз, онда да итжығыспен тарас­қандарыңыз есімізде... 

– Бір ұтылыс, бір ұтысты айтып тұрсыз ғой. Оның алдында ғана Көкшетау қаласында елор­даның «Астанасын», көкше­таудың «Арланын», Рудныйдың «Горняк» және Қарағандының «Теміртау» командаларын тізе бүктіріп, «Жеңіс кубогы» маусымалды турнирінің жеңімпазы атанған болатынбыз. Қазақстан чемпионатын көтеріңкі көңіл-күймен бастағанмен, бірден азулы қарсыласқа тап болдық. Хок­кей­шілеріміздің ерекше толқып тұрғаны байқалды. Қанша айт­қанмен, бәсі жоғары додада бі­рінші рет күш сынасу оңай емес. Тәжірибенің аздығы білініп тұрды. Дегенмен, тең тарқасуымыздың өзі неге тұрады?!

– Алғашқы кубокты қан­жығаға байлаған кездегі сәт­ті айтыңызшы? Солтүс­тік­қа­зақ­стандық спорт сүйер қау­ым команданы төбелеріне тік кө­теріп әкеткендей болды ғой?!

– Әрине! Өз тобымызда өткізген төрт ойында да оза шауып, финалдық бәсекеде Павлодардың «Ертісімен» жолығыстық. Матч аяқталуға санаулы секундтар қал­ғанда Илья Ахметовтің соққан шайбасы бізге жеңіс сыйлады. Биылғы Кубок жарысының соңғы сайысында Қазақстанның бірнеше дүр­кін жеңімпазы Атыраудың «Бей­бары­сын» 3:2 есебімен ұтып, екінші рет жеңістің ең биік тұғырына көте­рілдік.

– Ұлттық біріншіліктің 2015-2016 маусымында қо­ла ме­даль­­ды жеңіп алғанда­ры­ңыз­бен, биылғы турнир қо­ры­тын­­­­­ды­сында төмен сыр­ғы­ған­дары­ңыз­ды қалай түсін­діресіз? 

– Плей-офф кезеңінде елі­міздің екі дүркін жеңімпазы аты­раулық «Бейбарысқа» есе жіберіп, үшінші орынға табан тіреуіміз құрылғанына әлі жыл тола қоймаған команданың ерен ерлігі десе де жарасады. Ал би­ылғы біріншілікті «бес­тік­те» түйін­деуіміздің бар сыры тәжі­рибелі хоккейшілердің ойын­дарға толыққанды қатыса алмауында. Мысалы, қорғаушы Александр Нурек Дүниежүзілік Уни­версиа­даның күміс жүл­дегері атанды. Шабуыл­шылар Ильгиз Нуриев пен Максим Волков Азия ойындарынан алтын тағып оралды. Бұл – ақталу емес, мәселенің мәнісін түсіндіру. Құрамға легионерлермен қатар қазақстандық және жергілікті жас­тар іріктеліп алынғанын жоға­рыда айттым. Алға қойған мақсатымыз биік. Командалық тартымды ойын өрнегін көрсете отырып, топ жару. Оған қай жағынан болсын мүм­кіндігіміз толық жетеді. 

Әңгімелескен 
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу